Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ортақ өгізден оңаша бұзау артық

Өңірімізде мал шаруашылығымен айналысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келе жатқан қожалықтар мен серіктестіктер баршылық. Солардың бірі де бірегейі "Бексұлтан" шаруа қожалығы

Усть-Каменогорск и ВКО / Ортақ өгізден оңаша бұзау артық

Бұл өзі Аягөз өңіріндегі тасы өрге домалап тұрған ұжым. Құрылым басшысы Бақытбек Тұрысбеков те өзі жиырма жыл бұрын құрған құрылымның, ісін алға бастырып келе жатқан азамат. Бүгінгі күні малы төскейде мыңғырып, еселі еңбек етіп жатқан бұл қожалықты өңір халқының әспеттейтіні жасырын емес. Мәселен, 2018 жылы аудан бойынша өткен ауыл шаруашылығы күнінде бас қосқан қожалықтар мен серіктестіктер алдында "Бексұлтан" шаруа қожалығының іс-тәжірибесі үлгі ретінде насихатталып, көрсетілді. Шаруа құрылымының қай уақыттан бері құрылып, қандай іс пен нәтижеге қол жеткізгендігі жайлы айтылып, олардың іс-тәжірибелерімен бөлісті. Қожалықтың жүріп өткен жолы мен мал өсірудегі ерен еңбегі үлгі етілді. Жалпы, Бақытбек Тұрысбеков Жарма ауданы, Октябрь совхозы, Мариновка (қазіргі Әди Шәрипов) ауылында дүниеге келген. Саналы ғұмырын мал шаруашылығына арнаған, тәжірибелі басшы.

Ауылдастарын жұмыспен қамтыды

Бүгінгі күні "Бексұлтан" шаруа қожалығында 20 шақты адам еңбек етеді. Негізгі бағыты асыл тұқымды ірі қара мал өсіру болып табылатын қожалықта 800-ге тарта сиыр, 500-дей жылқы, 2000 мыңнан астам қой өсіріледі. Бір атап өтерлігі, мемлекет тарапынан беріліп жатқан жеңілдіктердің арқасында шаруа қожалығы заманауи құрал-жабдықтармен, техникамен өзін-өзі қамтамасыз етіп алған. Қарамағында 10 мың гектар жері бар шаруа құрылымы мал өсіруде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Малын асылдандырып келе жатқан қожалықтың жарқын істері көпке үлгі болуда. Мемлекеттік бағдарламаларға толықтай қатысып, соның жеңілдіктерін көріп отырған шаруа қожалығының бүгінгі жағдайы жаман емес. Әрине, мал өсірудің, оның өнімін өндірудің өзіндік қиындықтары, машақаттары жетерлік. Алайда бұл іс қожалық иесі Бақытбек Тұрысбеков үшін таңсық емес. Бала жасынан осы салада еңбек етіп келе жатқан Бәкең қандай да бір қиыншылықтарды оңай еңсерді десек, артық айтқандық емес.

Жалпы, қожалық иесі Бақытбек Тұрысбековтің әкесі Тұрысбек Мүкеев марқұм да бүкіл өмірін шопан болуға арнаған жан. Бақытбек те әке тәрбиесін көріп, мал өсірудің маманы атанды. Қиыншылығы мол төрт түлік өсіру ата-баба кәсібі екенін ол жастарға айтудан жалыққан емес. Соны ісімен дәлелдеп те келеді. Ұлдары Серік пен Берік бүгінгі күні әкелерінің бір жағына шығып, қожалықтың қат-қабат тірлігіне белсене араласып келеді.

Балалары да ата кәсіпті жалғастыруда

Бақытбек пен Гүлнұр Тұрысбековтерден тараған ұл-қыздары тәлімді тәрбие көрген, саналы білім игерген жандар. Олар 2 ұл, 2 қыз - 4 баланы тәрбиелеп өсіріріп, қанаттандырды. Үлкен ұлы Серік Бақытбекұлы осында өзіне көмекші, шаруа қожалығының мүшесі, келіні Әсем - ұстаз. Екеуі де жоғары білімді, Балнұр, Әдемі, Абылай, Ақназар, Ерназар атты 5 баланың әке-шешесі.

Кіші ұлы Берік те шаруа қожалық мүшесі, келіні Аймара орыс тілінің маманы, ұстаз. Екеуі де жоғары білімді, олар Бейбарыс, Айару атты ұл-қыз тәрбиелеп отыр. Қызы Айнұр, күйеу баласы Дастан да жоғары білімді, жоғары санаттағы ұстаз. Нұр-Сұлтан қаласында тұрады. 2 баланың ата-анасы. Зере, Төрехан есімді жиендері бар. Кенжесі Арай қаржы маманы, күйеу баласы Ернар мыс шығаратын кен орнында инженер болып қызмет етеді. Бүгінгі күні Заңғар, Нұрсұлтан, Баян есімді жиендерін тәрбиелеп отыр.

Әкем барлық саналы ғұмырын шопанның ақ таяғын ұстауға арнаған жан. Сондай-ақ, анам марқұм Мүкеева Әсия Ыбырайқызы дүниеге 4 ұл, 2 қыз әкелген ұлағатты ана еді. Ол кісі де отағасына көмекші болды. Мен сол Жарма ауданы, Қалбатау ауылында автобус паркінде слесарь болдым. 1983 жылы Аягөз ауданына отбасылық жағдайларыммен қоныс аударып, шаруашылықта слесарь, контроллер-механик, слесарь-оператор болып еңбек еттім. Жүйе өзгеріп, нарық заманы келген соң жеке шаруашылық аштық. Аллаға шүкір, "ортақ өгізден оңаша бұзау артық" деген емес пе, ісіміздің нәтижесін бірер жылдан кейін-ақ көре бастадық... Бүгінгі күні жеке шығып, өз алдымызға мал өсіре бастағанымызға 20 жыл толды. Осының бәрі мемлекет тарапынан беріліп отырған өзгеше жеңілдіктердің арқасы, - дейді Майлин ауылдық округіндегі "Бексұлтан" шаруа қожалығының басшысы Бақытбек Тұрысбеков. - Әр түрлі бағдарламалар арқылы жұмыс жасап жатқан жайымыз бар. Жеңілдіктері жетерлік. Жалпы бұл бағдарламалар кез келген шаруа құрылымдары мен жекелеген азаматтарды қолтығынан демеп, сүйемелдеп жіберетіні жасырын емес. Біздің қожалығымыздың өркені өсіп, жыл сайын дамып келе жатуының өзінде сыр бар. Негізі, әлгінде айттым ғой, менің әкем Мүкеев Тұрысбек те, анам Әсия Ыбырайқызы да өздерінің саналы ғұмырларын мал шаруашылығына арнаған адамдар болатын. Нағыз еңбектің қой торылары еді. Суреттері ауданның "Құрмет тақтасында" тұратынын мақтан етіп өстік. Шынында да мал шаруашылығы маған да соншалықты таңсық болмады. Бала жасымыздан еңбекке ерте араластық, әкеміздің бір жағына шығып мал қайырыстық. Бүгінгі күні ойлап отырсам, осыдан жамандық көрген жоқ екенбіз. Жалпы, ауылда тұрғаннан соң, ауылшаруашылығында жүргеннен соң мал асырау негізгі кәсіп болып саналуы керек деп есептеймін өзім. Біршама жұмыстар мен қызметтерді атқардық қой. Бірер жыл "Көксу" атты ұжымда болып, 2002 жылдан бастап жеке шаруашылық қожалығын ашқан жайым бар.

Малдының беті жарық

Еселі еңбек ескерусіз қалған ба, Бақытбек Тұрысбековтың төгілген терін аудан, облыс тараптары үнемі бағалап келе жатқаны шындық. "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалімен, Ауыл шаруашылығы министрінің "Ауылшаруашылығы саласының үздігі" медалімен, бірнеше рет "Алғыс хатттармен" және облыс, аудан әкімінің "Құрмет грамоталарымен" марапатталған. Өткен жылы "Ерен еңбегі үшін" медаліне де ие болды. Мұның бәрі, әрине, тәжірибемен келген еңбектің, ұйқысыз өткен түндердің өтемі десе де болады. Алайда Бәкең еңбегін еш бұлдап көрген жан емес.

Осы "Бексұлтан" шаруа қожалығының мүшесімін, - дейді Бақытбектің кіші ұлы Берік. - Әкеміз кезінде нарықтық қоғам келген сәтте еш абдырамай, өз алдына қожалық құрып, төрт түлік өсіре бастағанын қазір мақтан тұтамыз. Рас мен де, ағам Серік те жоғары білімді. Тіпті, жұбайларымыз да жоғары білім алған. Дей тұрғанмен, бәріміз де осы қожалықтың бас-қасында болуды мақсат еттік. Атам қазақ: "Малдының беті жарық, малсыздың беті көн шарық" деп тауып айтқан ғой. Әкеміз де осы саланы игере алсақ, бақыт та, басқасы да болатынын құлағымызға жастайымыздан сіңіре білді. Сондықтан да әке аманаты біз үшін басты мәселе.

Шынында да Майлин ауылдық округінің белді шаруашылығы "Бексұлтанның" алар белестері алда дегің келеді...


Следующая →