Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстанда әскерге кезекті шақырту басталады

Енді әскерге шақырылушыларға хабарламалар үй немесе қызметтік мекенжайларға шақыру қағаздары түрінде ғана емес, SMS-хабарлама форматында да келеді

Новости Казахстана / Общество в Казахстане / Очередной призыв в армию скоро начнется в Казахстане
Фото:
РгК

Қазақстанда 1 наурыздан бастап көктемгі әскерге шақыру басталады, деп хабарлайды сайт Tengrinews.kz. Қорғаныс министрлігінің мамандары 18-27 жас аралығындағы 17 мың "Отан қорғаушыларды" әскери қызметке қосуға ниетті.

Ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап әкімдіктердің шақыру пункттерінде әкімдердің орынбасарларының төрағалығымен қалалық және аудандық шақыру комиссиялары жұмыс істей бастайды. 1 шілдеге дейін Қарулы күштердің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің және Ұлттық ұланның қатары он жеті мыңнан астам әскерге шақырылушымен толығады, - деді Қазақстан Қарулы күштері Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаментінің бастығы Сәкен Жүсіпов.

Әскерді кейінге қалдыру немесе босатылуы туралы тиісті қағазы бар жастар ғана босатылуы мүмкін. Қызметке "жарамсыздығын" растайтын құжатты "электрондық үкімет" сайтынан алуға болады.

Әскерге шақырылушыларды хабардар етуді SMS-хабарламалар жіберу арқылы, сондай-ақ үй және қызметтік мекенжайларға дербес шақыру қағаздарын жіберу арқылы жүзеге асыру жоспарлануда. Жас буынды ПТР-зерттеу екі рет жүргізіледі: шақыру кезінде құрама пункттерде және келгеннен кейін әскери бөлімдерде, - деп қосты Жүсіпов.

Следующая →