Өскемен
пасмурно
-6°
  • Өскемен
    -6°
  • Алматы
    -5°
  • Астана
    -11°
  • Ақтөбе
    -11°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -3°
  • Қарағанды
    -10°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -4°
  • Туркестан
    -9°
  • Шымкент
    -4°
$
523.86
-0.16
544.34
-0.85
¥
71.77
-0.05
5.11
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Инфосығандарға алданып жүрген жоқсыз ба?

Әлеуметтік желілер дамыған бұл заманда көптеген онлайн бизнестер пайда болуда. Үйіңнің босағасынан аттап шықпай-ақ, табыс табу - инфобизнес деп аталады

Усть-Каменогорск и ВКО / Инфосығандарға алданып жүрген жоқсыз ба?

Клинетпен кездесу, оқыту, үйрету, клиенттерді табудың барлығы қолдағы телефон арқылы жүзеге асырылады. Біреулер үшін бұл ойға қонымсыз нәрсе болса, біреулер үшін жаңа мүмкіндіктер. Себебі инфобизнесті меңгерген оқушының өзі жастайынан табысты әрі танымал бола алады.

Бүгінгі күні СММ маманы, копирайтер, рерайтер, таргетолог, маркетолог, сторимейкер, мобилограф сияқты мамандар трендте. Бұл мамандықтардың жұмыстары бір ғана телефонның көмегімен жүргізіледі. Аталмыш мамандықтардың иесі атану үшін де барлық қажетті курстарды, тәжірибелерді онлайн оқу қажет. Бұл инфобизнестің негізі. Осы мамандықтарға деген сұраныс та қоғамда өте жоғары, сәйкесінше олардың табыстары да жоғары. Бірақ кез келген жағдайда таяқтың екі ұшы бар. Инфобизнес дамып, көптеген адамдардың табысты, бақуатты болуына есіктер ашса, екінші жағынан бұл инфобизнесті жеңіл ақшаның жолы ретінде көріп, түрлі курстар ұйымдастырып, жарнама арқылы жинап алған клиенттеріне мардымды ақпарат бере алмай отырғандар да бар. Олар «инфосығандар" деп аталады.

Инфосығандар деген кімдер?

Қазір әлеуметтік желіде сіздің жаныңызға қажетті ақпаратты беремін деп алдайтын алаяқтар көп. Иә, егер сіз несиеден тезірек құтылуды ойласаңыз, олар сізге барлық қарыздан арылудың техникаларын үйрететін білікті коуч мамандар болып алдыңыздан шығады. Бірақ олар сізге не қармақ бермейді, не балық аулап үйретпейді. Олар тек сіздің ақшаңызды алып, орнына бір кітаптан оқыған, не өздері де сатып алған курстардан шабытқа толы ақпарат береді. Сіз сол ақпараттан мотивация алып, лекция жазудан аспай қаласыз.

Инфосыған дегеніміз - бір курсты оқып алып, соны басқа біреуге сатушылар, - дейді инфобизнес саласында біраз жыл жұмыс істеп жүрген білікті маман, копирайтер Нұрүл Исан. - Инфосығанның басында тек теория ғана болады. Ал инфобизнесті жүргізу үшін адам эксперт болуы керек, оның артында жылдар бойы жиналған тәжірибесі болады. Қарапайым халық эксперт пен инфосығанды ажырата алмай, алданып қалып жатады. Қазір миллион таптым деп айтатын адам көп. Бірақ ол миллионды қалай тапқаны экранның ар жағында қалып жатады. Сондықтан инфосығандарға алданып қалмас үшін оның кейсіне, ол туралы халық жазып жатқан пікірлерге, қанша уақыт жұмыс істеп келеді, сарапшы ретінде өзін қалай дамытты, қай жерден білім алды, білімін жетілдіріп отыра ма, осының барлығын зерттеу керек.

Инфосығандар негізінен әлеуметтік желіде, әсіресе instagram желісінде толып жүреді. Олар өз парақшаларында қымбат көліктермен, бай өмірлерімен халықты қызықтырады. Бастысы олар сол дәулетке бірнеше техниканың арқасында ғана жеткен және сізбен тура бүгін 75% жеңілдік жасап бөлісуге дайын болады. Жақсы өмірге оңай қол жеткізгісі келген адам бұл курстарды сатып алады. Мотивация алып, идея туып, шабыттанып, алға жүріп кеткендер де бұл ортадан шығатын шығар. Дегенмен басым көпшілігі ақпаратты тыңдап, сол орнында қала береді. Ал курсты сатқан адам бұл үшін ешқандай жауапкершілік алмайды.

Мен түрлі курстар сатып алып оқыдым. Ішінде пайдалысы да, пайдасызы да, менің білім деңгейім жетпейтіндері де болды. Өзім еңбекқор болғандықтан, әр қатысқан курсымда айтылған ақпаратты өз өмірімде қолданып, салған ақшамды шығарып алдым, - дейді инфобизнес саласында білім алушы Аяжан Қуатбек. - Бір түсінгенім курс іздегенде ол курсты және курс жүргізетін адамды дұрыстап зерттеу керек. Себебі кейбір адамдар орысшадан аударып алып сатады екен.

Алма піс, аузыма түс

Гаджеттер мен ұялы телефондардың заманында адамдар жалқау болып алған. Сондықтан кітапты ашып оқудан гөрі, курс сатып алып тура сол ақпаратты біреу арқылы меңгеруді жөн көреді.

Веб-сайттар құру, интернетте ақша табу, диеталар, фитнес, сауда-саттық, сұлулық салондары, медициналық қызметтердің барлығы инфо өнім болып табылады.

Менде автоворонка, топ тренд максимум, стартап, запуск сияқты курстар бар. Автоворонканы оқып шыққан адам таргетолог, копирайтер, веб-дизайнер болып шығады. Кейін ол кәсіпкерге кез келген тауарды жарнамалауға көмектеседі, - дейді online school aizhan nauat маманы, таргетолог Арай Әмин.

Табыс табуды үйретуден бөлек, табыс табуды үйрене білу керек. Көп адамдар курс сатып алып, үйретуші маманды жай ғана тыңдап отырады. Бірақ кез келген жерде еңбектену керек. Бұл үйде отырып болсын, түзде жүріп болсын табыс табу үшін өте маңызды шарт.

Менде курс сатып алып, тапсырманы орындағысы келмеген шәкірттер болған. Миллиондаған ақша табу үшін сәйкесінше әрекеттер жасау керек. Инфобизнеспен жауапкершілігі бар кез келген адам айналыса алады, - деп қосты қала тұрғыны, таргетолог Арай Әмин.

Инфобизнесті үйрену және сол арқылы табыс табуда аудан, қала аралық, тіпті мемлекеттік шекара жоқ. Сондықтан кез келген үйретушіге бір үйренуші табылады.

Табыс табуды үйретеді

Өскеменде білікті копирайтер Нұргүл Исан инфобизнестің бір бағытын дамытып, талай адамдардың табыс тауып кетуіне себепші болып жүр. Ол 4 жыл бұрын әлеуметтік желідегі инфобизнесті дұрыс жүргізуді үйреніп, бірнеше жыл бойы түрлі компанияларда копирайтер болып істеген. Өзінің жылдар бойы жинаған кейсі бар. Елімізден ғана емес, Ресей, Украина сияқты елдердегі инфбизнестің қыр-сырын білетін мамандардан білім алып, оны шыңдап, бүгінде өзі басқаларды инфобизнеске үйретіп жүр. Бүгінде оның курстарынан
2 мыңдай адам өтті.

Менің табыс табуға мүмкіндік беретін курс өткізіп жүргеніме әлі 1 жыл болған жоқ. Мен білім алып, бір айдан кейін курс ашып кеткен жоқпын. 4 жыл бұрын алған теориялық білімімді тәжірибе жүзінде пайдаланып, нәтиже көргеннен кейін ғана курс ашуды жөн санадым, - дейді копирайтер Нұргүл Исан.

Нұргүл Исан өзінің командасымен бірге бір айда 600 000 теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін табыс таба алады. Бұл сома олардың жұмыс белсенділіктеріне, қарбаластықтарына байланысты өзгермелі болып тұрады.

Нұргүл Исанның арқасында еліміздің әр түкпірінен табыс табудың техникаларын үйренгісі келген адамдар бүгінде өздерінің нәпақаларын тауып отыр.

Мен өзім курс оқып шыққаннан кейін маған клиенттер бірден табылып кеткен жоқ. Мен клиенттерді өзім іздедім, өз қызметімді ұсынып хабарластым. Алғашқы мәтінімді 500 теңгеге жаздым. Кейін 1 000 теңгеге жаза бастадым. 4 жылдың ішіндегі тәжірибемнің арқасында қазір менің бір мәтінім 20 мың теңге тұрады. Маған тапсырыстар Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларының кәсіпкерлерінен де келіп түседі, - деп атап өтті копирайтер маман.

Нұргүл ханым санға емес, сапаға жұмыс істейді. Сондықтан алдына келген әр шәкірті салған ақшасын ақтап алғанын қалайды. Тек бір ғана шарт - шәкірт берілген тапсырмаларды мұқият орындауы керек.

Маған клиентті клиент алып келеді. Сондықтан мен сапаға қатты мән беремін. Сапа менің брендімді қалыптастыруға, мен туралы жағымды ой-пікірлердің айтылуына бірден-бір себепші, - деп қосты инфобизнес маманы.

Қорыта айтақанда инфобизнес - бұл желіде ақша табудың ең жеңіл және өте ыңғайлы, сұранысы жоғары түрі. Себебі кез келген ақпаратты, тәжірибені әдемілеп, жинақтап сатуға болады.


Следующая →