Кеше ШҚО-да бірнеше өрт сөндірілді
Өртенген үйлердің бірінде жарылыс қаупі бар газ баллоны болды, құтқарушыларға газ-түтіннен қорғау қызметін жұмылдыруға тура келді
23 ақпанда Семей мен Өскеменде үш өрт болды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Облыс орталығында "Королки" саяжайлар бірлестігінің аумағында тұрғын үйлердің бірінің кіре беріс бөлмесінен өрт шықты. 34 шаршы метр алаңдағы жалын сөндірілді. ШҚО ТЖД мамандары өрттің шығу себебін анықтап жатыр. Құтқарушылар жарылысқа қауіпті газ баллонын шығару үшін газ-түтіннен қорғау қызметін іске қосуға мәжбүр болды, зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.
Семейде тағы бір өрт болды: ауданы 49 шаршы метр үйдің тұрғын емес бөлігі өртенді.
Өрттің алдын ала себебі: отты абайсыз қолдану, - деп хабарлады ШҚО ТЖД.
Сондай-ақ, Семейде бір ЖШС аумағында трансформаторлық қосалқы станция өртенді.
Өрттің алдын ала себебі электр кабельдерін оқшаулау – электр қондырғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтамау, - деп белгіледі ШҚО ТЖД мамандары.
Естеріңізге сала кетейік, өрт шыққан жағдайда дереу 101 және 112 телефондарына хабарласу қажет.