Қазақстан президентінің баспасөз хатшысымен Украинадағы ахуал туралы сұхбат кейінге қалдырылды
Бұған дейін "Қазақстан" ұлттық арнасы Берік Уәли бейсенбі күні сағат 20.30-да Ресей мен Украинадағы жағдай туралы эксклюзивті сұхбат беретінін хабарлаған болатын
ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Украинадағы жағдайға қатысты ұстанымы туралы бейсенбі күнгі сұхбаты кейінге шегерілді, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Сұхбат кейінге қалдырылды, бүгін ол болмайды, - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Сұхбат мемлекеттік тілде жоспарланған болатын.
Тақырыптар:
Пресс-секретарь Президент Казахстана Берик Уали Сорвавшеся интервью Российско-украинский конфликт