ШҚО мектептерін енді бюджеттік шығындарсыз жөндейтін болады
Қалалар мен аудандардың әкімдері әр білім ошағына комиссиялық сауалнама жүргізіп, ақшаны не үшін жұмсау керек, нені қажет етпейтінін анықтайды
Шығыс Қазақстан облысының басшысы Даниал Ахметов қала және аудан әкімдерімен және білім басқармасының мамандарымен мектептерді күрделі және ағымдағы жөндеу, оларды жаңғырту және құрал-жабдықтар сатып алу бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.
- Бүгінгі таңда облыста 644 білім беру мекемесі жұмыс істейді, олардың кейбірі жөндеуді қажет ететіні сөзсіз. Дегенмен, төбесін жабу, қасбеттерді жабу немесе оқу кабинеттерін жөндеу сияқты нақты не істеу керектігін түсіну үшін қала, аудан әкімдері әрбір мектепті комиссиялық тексеруден өткізуі қажет. Барлық құрылыс және жөндеу жұмыстары нақты негізделуі керек, - деді облыс әкімі.
Даниал Ахметовтың айтуынша, бұл бюджет қаражатын үнемді жұмсау және қажетті жөндеу жұмыстарының сметалық құнынан асып кетпеу үшін жасалып отыр.
- Біз өз кезегінде орта білім беру нысандарының барлық бекітілген қажеттіліктеріне қаржы бөлетін боламыз, – деп түйіндеді сөзін аймақ басшысы.