Көлік жүргізушісі 11 жастағы баланы қағып өлтірді
Кішкентай баланың өмірін қиған оқиға Алтай қаласында орын алып, жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамады
21 жастағы көлік жүргізушісі көшеден өтіп бара жатқан 11 жастағы жаяу жүргіншіні соғып кетті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жантүршігерлік оқиға 19 ақпан күні сағат 12.45 шамасында Алтай қаласындағы Рабочая көшесінде болған. Соққы салдарынан кәмелетке толмаған жаяу жүргінші жол-көлік оқиғасы салдарынан алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, деп түсініктеме берді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жүргізуші ұсталып, Алтай ауданы ПП уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу басталды.