Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"Асыл домбыраның" үздіктері Түркияда айтыс өткізуі мүмкін

Былтыр басталған "Асыл домбыра" республикалық ақындар айтысы 2022 жылы да "Асылтас" қоғамдық қорының демеушілігімен және ұйымдастыруымен өтеді деп жоспарлануда

Усть-Каменогорск и ВКО / "Асыл домбыраның"  үздіктері Түркияда айтыс өткізуі мүмкін
Фото:
egemen.kz сайтынан

Ресми ақпарат инстаграм әлеуметтік желісіндегі "Асылтас" қорының жеке парақшасына жарияланды.

9 ақпан күні Алматы қаласында Жүрсін Ерман, Мұхтар Ниязов, Ринат Зайытов, Шұғайып Сезімхан, Қанат Мырзахан және "Tas Group" компаниясының басшысы Дулат Тастекеевтің қатысуымен жиналыс өтті. Жиында айтыстың ережесі бекітіліп, сөз барымтасына барлығы 32 ақынның қатысатыны белгілі болды.

Ақындар сайысының 1-кезеңі ағымдағы жылдың мамыр айында елордада өтсе, екінші кезең маусым айында Алматы қаласында, ал ақтық мәре Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылында өтеді деп нақтыланды. Жыр додасының финалына жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан
16 ақын ғана қатысады.

Айтыстың бас жүлдесіне автокөлік тігіп отырмыз. "Асыл домбыра" айтысы енді жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін болады. Биыл да халықтың ықыласына, қошеметіне бөленеміз деген үміттеміз. Егер жоспарымыз ойдағыдай орындалып, барлығы жақсы болса, үздік өнер көрсеткен ақындарды шетелге шығарсақ деп отырмыз. Стамбұл қаласының қазақтар шоғырланған Зейтүнбұрны ауданына апарып, айтысты ары қарай Түркияда жалғастырмақ ниеттеміз, - деді белгілі кәсіпкер, меценат, "Tas Group" компаниялар тобының негізін қалаушысы, Ақсуат ауылдық округіне қарасты Екпін ауылының тумасы Дулат Тастекеев.

Айтыстың жай-жапсары алдағы уақытта әлі де белгілі бола жатар. Өйткені былтыр "Асыл домбыра" айтысының іріктеу кезеңіне шығыс өңірінен қатысатын ақындарды Ринат Зайытов таңдаған еді. Семей қаласында шығыс ақындарының арасында кішігірім сөз барымтасы өтіп, Алматы қаласындағы аламанға Серік Қуанған, Айбек Жеңісқазин, Қуаныш Еркінұлы мен Жасұлан Мақаев қатысқан болатын. Биыл шығыстың намысын қорғайтын ақындардың аты-жөні көп ұзамай белгілі болады деп ойлаймыз.

Следующая →