Шығыс Қазақстанда қар көшкіні қаупі жарияланды
Мамандар тұрғындарға сақ болуды және алдағы бірнеше күнде тауға шықпауды ұсынады
"Қазселденқорғау" ШҚ филиалының ақпараты бойынша, қолайсыз метеожағдайларға – жауын-шашынның түсуі мен желдің күшеюіне байланысты, 18-21 ақпан аралығында облыстың таулы аудандарында қар көшкіні қаупі бар, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ШҚО ТЖД мамандары тұрғындарға қар көшкіні қауіпті уақыт – қалың қар жауғаннан кейін 3-5 тәулік ішінде, аяздан кейін жылымық, қатты жел екенін еске салады. Бұл уақытта тауға барудан бас тартқан дұрыс. Көшкін қаупі бар ошақтар автокөлік жолдарына қауіп төндіреді, олардың жанынан өтіп бара жатқанда - тоқтамаңыз, бірақ қауіпті аймақтан тез шығыңыз.
Облыста 497 көшкіналымы бар. Автожолдар бойындағы учаскелер аса қауіпті болып табылады:
- Өскемен-Самар,
- Өскемен-Алтай,
- Согорное-Барлық,
- Берел-Рахман қайнары (Катонқарағай ауданы,
- Зубовка-Путинцево,
- Лениногор-Чекмарь кеніші.
Барлық шұғыл қызметтерді ұялы телефоннан шақыруға арналған бірыңғай нөмір 112.