Абай ауданындағы қыстақтарға жарық беріледі
Бүгінгі өркениетті заманда күнделікті күйбең тіршілікті электр энергиясыз елестете алмаймыз. Осы орайда Абай ауданындағы қыстақтарға жарық тартып беру үшін "Бизнестің жол картасы - 2025" бағдарламасы аясында қаржы бөлінген
Көкбай ауылдық округінің 31 шаруа қожалығына 659 008 752 теңгеге және 12 шаруа қожалығына 311 965 255 теңгеге республикалық бюджеттен қаржы қаралып, жалпы ұзындығы 163,6 км электр желісін тарту жұмыстары жүргізілуде, - деп мәлімдеді Абай ауданы әкімдігіндегілер. - Бұл жұмысты "НКО" ЖШС және біріккен энергосервистік акционерлік компаниясы арқылы Абай аймақтық электр жүйесі мекемесі атқаруда. Бүгінгі күнге 36 қыстаққа бағандар орнатылып, электр сымдары тартылуда.
Демек, шаруа қожалықтарында еңбек ететін халықтың электр жарығының рахатын көріп, тұрмыс жағдайының жақсаратын күні алыс емес. Биылғы "Биесауған" қыстағынан "Боқай" қыстағына дейін 10 қыстаққа ШҚ АЭК-дан техникалық құжаттары алынып, жоба жасатуға қаржысы төленіп, құжаттары өткізілді. Алдағы уақытта қалған 20 қыстаққа электр желісін тарту жұмыстарын ұйымдастырылуда.