Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Зайсан ауданының тұрғыны шөлмектен монша салды

Моншаны тұрғызуға барлығы 6 мың бөтелке кеткен

Усть-Каменогорск и ВКО / Зайсан ауданының тұрғыны шөлмектен монша салды
Фото:
Қ. Бозтаев ұсынды

Зайсан ауданы Сарытерек ауылдық округіне қарасты Көгедай ауылының тұрғыны Бақытбек Бозтаев босаған шөлмектерді өз қажетіне жаратып, монша салып алды.

Зайсан ауданы Сарытерек ауылдық округіне қарасты Көгедай ауылының тұрғыны Бақытбек Бозтаев 60 жасқа қараған шағында бөтелкеден 4 шаршы метр моншаны өз қолымен салып шыққан. Шебер моншаны салуға 6 мың шөлмек пен цемент қана пайдаланған. Олардың барлығын ерінбей-жалықпай бірнеше жыл бойы жинаған. Соның нәтижесінде алыстан менмұндалап тұратын нысанды жасап шықты. Жылы әрі сәулеті жарасқан отбасылық монша ауылдың көркіне айналған. Бақытбек шебер ерекше монша салуға деген қызығушылығы интернет арқылы пайда болып, бірнеше жылдан соң жүзеге асқанын айтады. Алыстан қараған адам моншаны шөлмектен қаланған деп мүлдем ойламайды. Дегенмен, жақын келгенде оның өте ықтиятты түрде жасалғанына көзіңді анық жеткізуге болады. Шебердің айтуынша, мұндай моншаның бір ерекшелігі - төбесі мүлдем буланбайды екен.

Мұндай моншаның өзге моншадан артықшылығы бар. Температураны бір қалыпта ұстап тұрады. Қыста монша іші жылы, термос сияқты болады. Төзімділігі мықты. Бұның сыртынан жөндеудің де керегі жоқ. Жылда жөндеу жүргізіп әуре болмайсың. Тек шынының шаңын сүртіп тұрса болғаны. Бояуға болады, әрине. Біреу арнайы бұзбаса, бұл монша оңайлықпен тозбайды, - дейді Бақытбек шебер.

Құрылыс - фотоны Б. Бозтаев ұсынды (2).jpg

Қазір шебер ыждаһаттылық пен дәлдікті қажет ететін бейнеті зая кетпегеніне қуанады. Моншаның сырты көзге осал көрінгенмен, қыстың ызғары мен жаздағы аптап ыстыққа төтеп беретін көрінеді. Алдағы уақытта тағы осындай бөтелкеден жаздық сарай салу ойында бар екен. Бүгінгі таңда босаған шөлмекті жинауды бас-
тап кеткен. Бір қуантарлығы, "Бақытбек ағаның арқасында ауыл да тазарып қалды, шашылып жатқан шөлмектерді іздесең де таппайсың" дейді ауыл тұрғындары. Ауылда тұратын оның бұл ісіне алғашқыда күмәнмен қараған жерлестері аз болған жоқ. Тіпті, қасындағы жұбайының өзі күмән келтірген. Уақыт өте келе оның сырын түсіне бастаған. Қазіргі күні аталмыш елді мекенде Бақытбек ағаның бұл ісін жалғастырып, өздеріне қажетті сарай және монша салуға ниет білдіріп жүрген азаматтар баршылық екен.

Басында шөлмектен монша салуға болатынына сенімсіз болғанымды жасырмаймын. Бірақ барлығы мен ойлағаннан да өзгеше болып шықты. Алдағы уақытта басқа да нысандар салуды жоспарлап отырмыз. Есік алдынан жылыжай мен үлкен үй тұрғызамыз ба деген ойымыз бар, - дейді шебердің жұбайы Сәуле Бозтаева.

Бақытбек Бозтаев әзірге зейнет демалысына шыққан жоқ. Ауылда қарапайым еңбек адамы ретінде танылған. Көктем шыға салысымен жерден несібе теріп, түрлі дақылдар өсірумен айналысады.

Следующая →