Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жеткізушіге заңсыз талаптар қойды

Өз құқықтарын қорғау үшін ЖШС директоры сотқа жүгінді. Ол шарт бойынша міндеттемелерін орындаған, бірақ кәсіпорынға жөн-жосықсыз айыптағылары келген

Усть-Каменогорск и ВКО / Незаконные требования выдвинул поставщику организатор госзакупок в ВКО
Фото:
Устинка LIVE

2021 жылдың сәуір айында ШҚО денсаулық сақтау басқармасының ШҚО облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығы мен "ЖанаМедТех" ЖШС атынан директоры Людмила Храмцова Алматы қаласынан жалпы сомасы 15,4 млн теңгеден астам медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Алайда мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесі барлық қатысушыларды қанағаттандырмаған – медициналық бұйымдардың дистрибьюторы "ЖанаМедТех" ЖШС үстінен Қазақстандағы Covidien бренді өнімдерінің ресми дистрибьюторы болып табылмайтындығын көрсете отырып шағымданған. Тапсырыс берушінің наразылығына жауап ретінде "ЖанаМедТех" ЖШС тауарды өндірушінің шетелдік дистрибьюторы сатып алғанын түсіндіріп, сатып алу-сату шартының және тауардың  шығу тегі туралы сертификаттың көшірмелерін ұсынды. Сол жылдың мамыр айында кәсіпорын онкология орталығына медициналық бұйымдарды жеткізуді жүзеге асырды, алайда тапсырыс беруші тауарды қабылдап алып, қабылдау-тапсыру актісіне қол қоюдан бас тартқан. Сонымен қатар, ол ШҚО бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа "Жаңамедтех" ЖШС сатып алу туралы шартты бұзу және жосықсыз әлеуетті өнім берушілер тізбесіне енгізу туралы талап арыз берді.

Кәсіпорын директоры Людмила Храмцова өз құқықтарын қорғау үшін ШҚО Кәсіпкерлер палатасына жүгінді. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің бастығы Рауан Абдуллин істің мән-жайын мұқият зерттеп, тапсырыс берушінің талаптарын заңсыз деп тапты. Ол кәсіпкерге талап-арызға пікір дайындауға көмектесті және сотта оның мүдделерін жеке өзі қорғады.

Сот ашық отырыста онкология орталығының талабы бойынша азаматтық істі қарады және әлеуетті жеткізушіге қойылатын біліктілік талаптарының арасында жеткізушінің тауар өндірушінің ресми дистрибьюторы болуы және авторизациясы туралы талап жоқ екенін анықтады. Бұдан басқа, тапсырыс беруші ҚР азаматтық кодексі мен шарт талаптары талап еткендей, жеткізушіге сотқа дейінгі тәртіппен жазбаша хабарлама жіберген жоқ, – деп түсіндірді Рауан Абдуллин.

Істі қарау нәтижелері бойынша сот "Жаңамедтех" ЖШС-ға шағымдардың негізсіздігі туралы қорытындыға келді.

Бұл жағдайда медициналық бұйымдарды сатып алу дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізілді. Егер бұрын уәкілетті орган жосықсыз өнім берушілер тізімін қалыптастырған болса, онда жаңа ережелерде бұл норма алынып тасталды. Азаматтық іс жүргізу кодексінің 15-бабына сәйкес тараптар азаматтық сот ісін жүргізу барысында өз ұстанымын, оны қорғаудың тәсілдері мен құралдарын дербес және сотқа және іске қатысатын басқа да адамдарға қарамастан таңдайды. Сондықтан онкология орталығының талаптары азаматтық сот ісін жүргізуде қаралмайды және іс жабылды, – деп түсіндірді Рауан Абдуллин.

Өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін ШҚО кәсіпкерлер палатасына мына мекенжай бойынша хабарласуға болады: Өскемен қаласы, Әуезов даңғылы, 26/1, каб. 12, тел.: 8(7232)742-103, 742-104.

Следующая →