Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылық деңгейі өскен

ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті облыс тұрғындары арасында ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылық деңгейінің өскенін хабарлайды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылық деңгейі өскен

2021-2022 жж. эпидемиялық маусымның басынан бастап (2021 ж. 1 қазаннан 2022 ж.10 ақпанға дейін) 64 788 ЖРВИ, 341 тұмау жағдайы тіркелді. ЖРВИ-мен сырқаттанушылық деңгейі өткен эпидемиялық маусымның ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,6 есеге жоғары (2020-2021 жж. эпид.маусым – 40 280 жағдай).

Шығыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлімдегендей, ЖРВИ-мен ауырған адамдардың 46,21%-ы – 14 жасқа дейінгі балалар. ЖРВИ мен тұмаудың ауыр және өлім-жітім жағдайлары тіркелген жоқ.

2021-2022 жылдардағы эпидемиологиялық маусымда тұмау вирусының 2 түрі тараған: 92,3% жағдайда «А», 7,6% жағдайда «В» түрі. А және В типті вирустар орташа және ауыр ауруды тудырады, қысқа инкубация кезеңі, аурудың өткір басталуы, интоксикация, бронхит пен пневмония, жүрек-тамыр және орталық жүйке жүйелері, бронхтар мен өкпелердің зақымдануы сияқты асқынулардың дамуымен сипатталады.

2022 жылғы қаңтарда ЖРВИ-дің 13 377 жағдайы тіркелді (2021 жылғы қаңтарда – 7 511 жағдай), осылайша жіті респираторлық вирустық инфекцияларды жұқтырғандар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7 есе өсіп отыр, - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті. - Осы жылдың басынан бастап (қаңтар айының соңындағы мәліметтер бойынша) аймақтың 286 тұрғынына «тұмау» диагнозы қойылды. Ең көп жағдай 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 156 жағдай. Барлық жағдайлардың көбі Семей қаласында – 134, Өскемен қаласында – 92 жағдай тіркелген. Бородулиха және Көкпекті аудандарында ең аз ауырғандар – 1 адамнан. Курчатов қаласында, Абай, Алтай аудандарында тұмау оқиғалары анықталған жоқ.

Вакцинация. Облыста 2021-2022 жж. эпидемиялық маусымда барлығы 140 213 адам егілді, бұл облыс халқының жалпы санының 10,26%-ын құрайды, оның ішінде жергілікті бюджет есебінен 114 908 адам немесе 100,67%, жұмыс берушілер есебінен – 21 163 немесе 1,5% және ақылы негізде – 4 142 немесе 0,3% егілді. Вакцина алған жүкті әйелдер – 3 065, медицина қызметкерлері – 16 067, 14 жасқа дейінгі балалар – 20 690.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО ЖРВИ Тұмау