Лептоспироз, иерсиниоз, псевдотуберкулез адамға азық-түлік арқылы жұғады
2021 жылы облыстың 11 тұрғыны лептоспирозбен, оған қоса 2-еуі иерсиниозбен ауырған. Ағымдағы жылы аурулардың жаңа жағдайлары тіркелген жоқ
Шығыс Қазақстанның жануарлар әлемі табиғи-ошақтық инфекциялардың (туляремия, лептоспироз, иерсиниоз, псевдотуберкулез және т.б.) қоздырғыштарының өмір сүруі үшін қолайлы орта болып табылады.
Табиғи жағдайда табиғи-ошақтық инфекциялар паразиттердің жануарлар (қояндар, кеміргіштер, тиіндер, жабайы қабандар, үй шошқалары, құстар және т.б.) арасында таралуына мүмкіндік туғызады. Жануарларлар азғасынан қоздырушылар дәретпен бірге бөлінеді және сырты ортадағы тамақ өнімдері мен суды ластайды.
Шығыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ұсынған ақпаратқа сүйенсек, тұрғындар арасында аурудың шығуы кеміргіштер арасында эпизотияның болуына байланысты. Адам үшін ауру көзі аталмыш аурулармен (иерсиниоз, лептоспироз, псевдотуберкулез) ауыратын кеміргіштер, ауылшаруашылық жануарлары (сиыр, шошқа, ешкі, бұзау, жылқы) және бактерия тасымалдаушылары болып табылады.
Иерсиниоз, лептоспироз ауруларының қоздырғыштары аймақтар бойынша кең таралғандығын көрсетіп отыр. 2021 жылы облыстың 3 өңірінен лептоспироз, 4 өңірінен иерсиниоз және 1 өңірден псевдотуберкулез нәтижесі оң (қоздырғыштары анықталған) болып шықты, - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі. - Табиғи-ошақтық инфекциялар аурушаңдығының мониторинг деректеріне сәйкес адамдар арасында аурушаңдықтың өсуі негізінен қыс және көктем кезінде кеміргіштердің биологиялық белсенділігі артуға байланысты болған жағдайда байқалады. 2021 жылы облыстың 11 тұрғыны лептоспирозбен, оған қоса 2-еуі иерсиниозбен ауырған. Ағымдағы жылы аурулардың жаңа жағдайлары тіркелген жоқ.
Адамның лептоспироз, иерсиниоз, псевдотуберкулезды жұқтыруы алиментарлы жолмен яғни азық-түлік арқылы жұғады. Инфекция сүт және сүт өнімдері, тиісті термиялық өңдеуден өтпеген көкеністерден жасалған тағамдар (орамжапырақ, сәбіз және т.б.).
Көкөністерді егістіктерде тұқымдандыру, тасымалдау кезінде және көкеністерді сақтағанда, басты мәселе – кеміргіштер. Температура жағдайының кең диапазонына байланысты инфекция қоздырғышының таралуы мүмкін және көкеністерді ұзақ сақтаудан азық түлік өнімдерінде жиналуы мүмкін, бұзылған көкеністерде бактерия өзінің көбеюіне қолайлы жағдай туғызады. Жұғу факторларының бірі – шошқа еті, бұл жануарды сою немесе мүшелеу кезінде иерсиниямен тұқымданады, ал тоңазытқышта сақтау бұл микроағзалардың молаюына әкеледі. Адамға жабайы және үй жануарларын мүшелеу кезінде, сондай-ақ иерсиниозбен ауыратын жануарлардың ластанған бөлінділері бар судан жұғуы мүмкін.
Профилактика. Лесптоспироз, иерсиниоз, псевдотуберкулез қоздырғыштарының иесі және тасушысы болып табылатын кеміргіштердің таралуын төмендету мақсатында қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында, сақтау қоймаларында санитарлық гигиеналық жағдайды жақсартып, кеміргіштерді жою қажет (дератизациалық шараларды жүргізу), су көздерін кеміргіштердің көбеюі мен олардың бөлінділерінен қорғау қажет.
Иерсиниоз және псевдотуберкулезге қарсы республикада арнайы профилактика қарастырылмаған.
Табиғи-ошақтық аурушаңдықтарды ескерту үшін келесі алдын алу шараларын орындау қажет:
- Көкшөп, әсіресе жасыл пиязды іріктеп алып, сонымен бірге басқа да жеміс-жидектерді, көкөністерді ағынды сумен жуып, қайнаған сумен шаю қажет.
- Картоп, сәбіз, қызылшаны топырақтан босатқаннан кейін ғана тазалау қажет. Кейін тазаланған көкөністерді тағы да ағынды сумен жуу қажет.
- Басты назарды жас орамжапыраққа аудару қажет. Сыртқы жапырақтарын алып тастап, ағынды судың астына салып дұрыстап жуу керек. Бөлшектейтін тақтай мен пышақты көкөніс пен жемістерді турағаннан кейін міндетті түрде мұқият жуып, кептіру қажет.
- Иерсиния көбінесе етте кездеседі, сол себепті етті басқа өнімдерден бөлек сақтаған дұрыс. Салаттарды дайындағанда тоңазытқышта сақтамай, бірден үстелге қоятындай қылып дайындаңыз.
- Тоңазытқышта тазаланған көкеністерді ұзақ уақыт (1,5 сағаттан артық) сақтамаңыз.
Тоңазытқыш демекші, Сіз қашан мұздатуын тоқтатып, тоңазытқышты жудыңыз? Айына бір рет тоңазытқышты жуу қажет. Кез келген тоңазытқыш иерсения үшін «инкубатор» болуға қолайлы. Әрбір азық-түлік тоңазытқыштың ішінде өз орнында, жабық контейнерде немесе пакетке салынуы керек. Ірімшік пен шұжықты кір көкөністермен бір сөреге салу жұқпа таяқшаларының пайда болуына әкеп соғады. Көкөністер, жемістер және аскөкті тоңазытқышқа қоймас бұрын міндетті түрде жуып, кептіру керек.
Осы қарапайым қағидаларды орындай отырып Сіз өзіңізді зоонозды инфекциялардан сақтай аласыз.