Қызылшаға қарсы вакцинаны 38 253 адам алған
Өткен жылы да, ғымдағы жылдың басынан бері де ШҚО аумағында қызылшамен ауырған жағдайлар тіркелген жоқ
Қызылша – бұл ауа-тамшы инфекциялар тобына жататын жедел жұқпалы вирустық ауру. Ауру адамнан адамға ауа арқылы, тыныс алу жолдарының тамшыларымен немесе жұқтырған адамдардың мұрыннан немесе тамағынан секрецияларымен тікелей байланыста болады.
Қызылша – адамның аса контагиозды инфекцияларының бірі, өйткені инфекция көзімен жанасқаннан кейін адамдардың 90%-дан астамы ауырады.
Шығыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ұсынған ақпаратқа сүйенсек, қызылшаның негізгі белгілері: жоғары қызба, әлсіздік, жөтел, мұрынның ағуы, ауыз қуысының шырышты қабатындағы ақ дақтар, қызыл түсті ірі біріктірілген дақтар түріндегі бөртпе, сондай-ақ жақ асты лимфа түйіндерінің ұлғаюы.
Ең осал контингент 14 жасқа дейінгі балалар болып табылады, бірақ қазіргі уақытта ауру ересек тұрғындар арасында да тіркеледі, - дейді эпидемиологтар. - Аурудан кейін өмірлік иммунитет дамиды. Сонымен қатар, қызылша жүкті әйелдер үшін, әсіресе жүктіліктің бірінші триместрінде қауіпті, өйткені ауру ұрықтың өздігінен түсуіне әкеледі.
Қызылшамен ауырғандардың шамамен 30%-ында бір немесе бірнеше асқынулар байқалады. Ең жиі кездесетін асқынуларға отит, пневмония, диарея, соқырлық және энцефалит жатады.
Жұқтырған адам анықталған жағдайда, науқаспен байланыста болған барлық адамдар қысқа мерзімде қызылшаға қарсы егілуі керек.
Егер қызылшамен ауыратын науқас, мысалы, көп пәтерлі тұрғын үйде анықталса, алғашқы 72 сағат ішінде үй тұрғындарын иммундау қажет.
Екпе егуден басқа қызылшадан қорғаныс жоқ. Профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесіне сәйкес балаларды қызылшаға қарсы жоспарлы егу 12-15 ай жасында және қайта 6 жасында жүргізіледі.
Екпелерді жүргізу үшін ДДҰ сертификаттаған және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі рұқсат еткен қызылшаға, қызамыққа, эпидемиялық паротитке қарсы құрамдастырылған вакцина пайдаланылады. Вакцинация тұрғылықты жері бойынша емханалардың барлық егу кабинеттерінде тегін жүргізіледі. Жыл сайын балаларды қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинациялаумен қамту деңгейі 95-99% құрайды.
Қызылшаның алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар ауру деңгейін айтарлықтай төмендетуге және эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік берді.
Адам ауыратын барлық инфекциялар өлім, мүгедектік немесе асқыну қаупін тудырады.
Қызылшаға қарсы ең жақсы құрал – уақтылы екпе алу.