Өскемен
ясно
+3°
  • Өскемен
    +3°
  • Алматы
    +9°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +11°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +13°
  • Туркестан
    +8°
  • Шымкент
    +17°
$
479.23
534.96
¥
68.35
5.16
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде түрме маңын торуылдаған күдікті ұсталды

Ұлттық ұлан жауынгері түзету мекемесінің қоршауынан есірткі лақтырмақ болған азаматты ұстады

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде түрме маңын торуылдаған күдікті ұсталды
Фото:
"Шығыс" ӨҚ баспасөз қызметінен

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі мәлімдегендей, өткен түнде сағат 21.40 шамасында Өскемендегі №17 түзеу мекемесінің күзету аумағында қарауыл сақшысы өзін күдікті ұстаған белгісіз біреудің жүргенін байқап қалған.

Ұлттық ұлан жауынгері дереу қарауыл бастығына баяндаған. Артынша белгіленген аумаққа түзеу мекемесінің патрульдік тобы жіберілген. Топ күдікті азаматты қолға түсірді, - дейді "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің бастығы Бағдат Амангелді.

Тексеру барысында ұсталған азамат сотталушыларға скотчпен оралған психотропты заттарды лақтырмақ болғаны анықталды.

Следующая →