ШҚО құтқарушылары 29 адамды өрттен аман алып шықты
Өрт қауіпсіздіге салғырт қараудың салдарынан өткен тәулікте облыс аумағында бірден төрт өрт оқиғасы орын алды
Үлкен өрттің бірі Өскемен қаласында болды. Жалын жеке тұрғын үйден тұтанып, шаруашылық ғимараттарына, одан кейін көршілердің ауласына дейін тарады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Өрт 85 шаршы метрді шарпыған. Шығу себебі - отқа абайсыз қарау.
Аягөзде де төрт бөлмелі үйден өрт шықты. Бос пәтердегі өртті дер кезінде байқаған көршілер өрт сөндірушілерді шақырған. Құтқарушылар дереу көрші пәтерлердің сегіз тұрғынын эвакуациялады, олардың екеуі балалар. Өрт электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау және отқа абайсыз қарау салдарынан шыққан деп болжануда.
Глубокое ауданындағы өрт бес қабатты үйде, ең жоғарғы қабаттағы пәтерде басталған. Қрт сөндірушілер қауіпті аймақтан 21 адамды шұғыл эвакуациялады, оның 3-еуі балалар. Өрттің шығу себебі әзірге хабарланған жоқ.
Еске салайық, өрт болған жағдайда дереу 101 немесе 112 телефондарына хабарласу керек.