Өскемен
облачно
+18°
  • Өскемен
    +18°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +13°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +21°
  • Көкшетау
    +23°
  • Қостанай
    +7°
  • Қызылорда
    +30°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +8°
  • Шымкент
    +24°
$
440.92
+1.52
475.36
+1.82
¥
60.95
+0.13
4.82
+0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Тәртіп сақшылары қару-жарақты сақтау ережелері туралы айтты

Полицейлер қаруды ашық күйінде алып жүруге және тасымалдауға, сондай-ақ оны тұрғын бөлмелердің қабырғаларына ілуге жол берілмейтінін атап өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / Стражи порядка ВКО рассказали о правилах хранения оружия
Фото:
ДП ВКО

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті "жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тіркелген қаруды сақтау қатаң түрде иесінің тұрғылықты жері бойынша еденге немесе қабырғаға берік бекітілген, қабырғаларының қалыңдығы кемінде 3 мм металл сейфте сақталу керектігін және есігінінде міндетті түрде ішкі құлыпы болуы керектігін еске салады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Қаланың әкімшілік аумағындағы қалалар мен кенттерде қару иесінің тұрақты тұратын орны (пәтер, жеке үй) электр желісінен және қайталанатын электр қорек көзінен қуаттанатын  тұрақты сертификатталған күзет жүйесімен (дабыл белгісін иесінің немесе оның отбасы мүшелерінің ұялы телефонына беру мүмкіндігі бар сигнализациямен) жабдықталады.

Егер сіз кенеттен ұзақ іссапарларға, демалысқа, оқуға немесе емделуге кететін болсаңыз, қаруыңызды аумақтық ішкі істер органына уақытша сақтауға тапсыра аласыз, - деп түсіндірді ШҚО полиция департаментінде.

ІІБ-не қаруды уақытша сақтауға тапсыру рәсімі өте қарапайым. Белгіленген үлгідегі өтініш толтырылады, онда сақтау мерзімі көрсетіледі (мерзімі шектелмейді, қызмет тегін), содан кейін полиция қызметкері Сіздің қатысуыңызбен қаруды тексереді, ол кейіннен мөрленеді және сақтау камерасына тапсырылады. Сізге ыңғайлы кез келген жұмыс уақытында, тиісінше, қайта толтырылған өтініш бойынша сіздің қаруыңыз қайтарылады.

Қаруды үй бөлмелерінің қабырғаларына іліп қоюға, қаруды ашық күйінде алып жүруге және тасымалдауға, ондай- ақ оны басқа адамға беруге жол берілмейді", - деп еске алды ШҚО ПД.

Следующая →