Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ҚР ИИДМ: Қазақстандағы автожолдардың сапасы 80% артты

Жалпы еліміз бойынша жергілікті жолдардың ұзындығы 71 мың шақырымнан асады

Новости Казахстана / Общество в Казахстане / МИИР РК: дороги в Казахстане довели до 80% нормативного состояния
Фото:
Устинка LIVE

2021 жылы құрылыс, реконструкциялау және жөндеу жұмыстарымен облыстық және аудандық маңызы бар автожолдардың 4 мың шақырымы қамтылды. Жалпы құны 300,2 миллиард теңге болатын 349 жоба жүзеге асырылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. 

Республика бойынша 2,6 мың шақырым автожол пайдалануға берілді. Атап айтқанда, жергілікті жолдардың 19 шақырымы салынды, 152 шақырымы қайта жаңартылды, 220 шақырымы күрделі жөндеуден өтті, 2,2 мың шақырым жолға орташа жөндеу жүргізілді.

Аудан орталықтарын облыстармен байланыстыратын жолдар да жөнделуде.

Іске асырылған ірі жобалардың қатарында Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір өткелінің құрылысын, Ақтау қаласының курорттық аймағында жолдар салу және реконструкциялау, Атырау облысындағы «Индер-Миялы», Ақтөбе облысындағы «Ақтөбе қаласының оңтүстік айналма жолы», Алматы облысындағы «Алматы-Лепсі» жобаларын айтуға болады. Сондай-ақ, республикалық маңызы бар қалаларда көшелер дамытылып жатыр, - деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Жыл қорытындысында жергілікті жолдардың нормативті жағдайдағы үлесі 80%-ға жеткізілді. Былтыр бұл көрсеткіш 75% еді.  

Облыстық және аудандық автожолдар жергілікті атқарушы органдарға қарасты екенін айта кету керек. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өз кезегінде жыл сайын жергілікті жолдар желісін дамытуға мақсатты трансферттерді паритеттік негізде бөлуде. Яғни, 50 пайызы республикалық бюджеттен, қалғанын жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттен бөледі.  

Жалпы еліміз бойынша жергілікті жолдардың ұзындығы 71 мың шақырымнан асады. «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасына сәйкес 2020-2025 жылдары облыстық және аудандық маңызы бар 27 мың шақырым жолды құрылыс жұмыстарымен қамту көзделіп отыр.

Следующая →