Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +17°
$
443.35
-0.87
475.54
-0.84
¥
61.18
-0.13
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әуезов Аягөзде неге үш күн аялдаған?

Аягөз қаласында танымал журналист Ғабит Зұлхаров ақсақалдың тұрып жатқанынан былайғы жұрттың көпшілігі бейхабар. Бүгінде жасы 82-ге келген шежіреші қарттың өзі де "Мен осы Аягөздің қаншама тарихын қаттаған адаммын!" деп кеуде керіп жатқан жоқ  

Усть-Каменогорск и ВКО / Әуезов Аягөзде неге үш күн аялдаған?
Фото:
автор ұсынды

Аягөзге Мұхтар Әуезовтің келуі жайлы баяндап берген Ғабит аға бұл туралы ілгеріде газет бетінде жарық көргенін айтады. Әрине, Аягөзге Мұхтар Әуезовтің келуі біз үшін таңсық емес. Туған жері Абай ауданына барар жол осы Аягөз арқылы өтеді ғой. Алматыдан пойызбен келіп, ары қарай көлік ауыстырары анық. Алайда "үш күн не үшін аялдады екен?" деген сауал бізді мазалап, жолыққанда Ғабит ағадан осының мән-жайын білмек болдым.

Сол тұста Әуезов Аягөзге екі рет келіп, екеуінде де бірнеше күн жатып кеткен. 1940 жылы Қазақстан үкіметі "Шығыс жолын салу туралы" Қаулы шығарады. Ол Жаңғызтөбе стансасынан басталып, Зайсан арқылы Өскеменге баратын жол болатын. Мұны "Шығыс сақинасы" деп, 800 шақырымды екі жылға жоспарлайды. Тасты жолды жыл сайын 400 шақырымнан салып, екі жылда бітіруі керек. Тек колхозшылардың күшімен (мемлекеттік емес) жүргізілетін бұл жоба тым ауқымды еді. Мәселен, тұқым себу аяқталған соң үш-төрт ай егін шыққанша үзіліс бар ғой. Міне, Үкімет сол уақытты пайдаланды. Үлкен науқан болған аталмыш шараға колхоз, совхоз жұмысшы-шаруаларын жұмылдыру үшін мемлекет Алматыдағы жазушыларды пайдаланады. Мұхтар Әуезов те осы кезде Аягөзге Қазақстан Жазушылар Одағы жанынан құрылған бригаданы мамыр айында бастап келеді. Ғабиден Мұстафин, өскемендік Павел Кузнецовтар келген осында. Осы жерден өзінің очерктерін жазған. Мемлекет әр ауданға үш-бес шақырымнан бөліп береді. Сол тұста Мұхтар Әуезов "Оның аты екінші" деген 36 беттік үлкен очеркін жазған. Сол очеркте Аягөз ауданының 28 колхозшысын жазған. Мен 50 жылдан кейін соның көзі тірі 8-ін таптым, - дейді қарт жазушы-журналист Ғабит Зұлқаров.

Тарих - фотоны автор ұсынды (Әуезов аялдаған қонақ үй) (2).jpg

Мұхтар Әуезов аялдаған үй қазір бұрынғысынан өзгерген. Алайда негізгі сұлбасы сақталыпты. Бұл үй қала ортасындағы Сабыржан Ғаббасов атындағы көшеде орналасқан.

Бұл еңселі ғимарат елуінші жылдардың соңына дейін қонақ үй болыпты, - дейді Ғабит аға. - Мұны маған сол тұста ауданда мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің жауапты өкілі, марқұм Қабдолла Митанов ақсақал айтып еді. Ал Мұхтар Омарханұлының 1943 жылғы Абай ауданына сапарының негізгі мақсаты - Абай Құнанбайұлының 100 жылдық мерейтойына дайындық мәселесі болған екен. Бұл туралы сол жылы күзде, дәлірек айтсам, "Социалистік Қазақстан" газетінің 1943 жылдың 17 қазан күнгі нөмірінде Мұхаңның "Ақын елінде" атты жолсапар очеркінде кеңірек жазылған.

Қазір бұл үйдің қабырғасына осынау тарихи күнді айшықтайтын арнайы белгі орнатылған.


Следующая →