Өскемен
пасмурно
-7°
  • Өскемен
    -7°
  • Алматы
    -8°
  • Астана
    -12°
  • Ақтөбе
    -8°
  • Актау
    +4°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -14°
  • Көкшетау
    -12°
  • Қостанай
    -9°
  • Қызылорда
    -5°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -15°
  • Тараз
    -5°
  • Туркестан
    -4°
  • Шымкент
    -7°
$
523.86
544.34
¥
71.77
5.11
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Зайсанда балабақша меңгерушісі тәрбиешілерден ақша жинаған

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласында "Ертөстік" балабақшасының меңгерушісі қызметінен босатылды

Усть-Каменогорск и ВКО / Зайсанда балабақша меңгерушісі тәрбиешілерден ақша жинаған

Ол өзінің әріптестерінен мемлекеттік аттестациядан өту үшін заңсыз түрде ақша жинаған. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым сапасын қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова мәлімдеді.

Мемлекеттік аттестациядан өту мақсатында еңбек ұжымынан ақша жинау фактісі бұл жолы Шығыс Қазақстан облысының Зай-сан қаласында, "Ертөстік" балабақшасында тіркелді. Бұған дейін мектептердегі аттестацияға ақша жиналатыны туралы ақпарат Түркістан мен Алматы облысынан келген еді. Бұл мәселе кеңес отырысында қаралды. Педагог құқықтарын қорғау органы Шығыс Қазақстан облысының педагогикалық әдеп және білім беру ұйымдарында қызметкерлерден ақша жинау фактісі болғанын растады, - деді Гүлзат Көбенова.

Қазіргі таңда балабақша тәрбиешісі жұмыстан босатылған. Істің егжей-тегжейін Зайсан аудандық білім бөлімінің басшысы айтып берді.

Ең бірінші осындай заң бұзушылықтың орын алып жатқаны туралы шағым маған келіп түсті. "Ақша жинады" деп айыпталып отырған адам балабақша бастығы емес, меңгерушінің міндетін атқарушы. Істі тексеру барысында ол еңбек демалысында болатын. Бірақ мен түсініктеме алдым, еңбек демалысынан жұмысқа шыққанын күттім. Бұл жерде дау туындады. Өйткені тәрбиешілер "ақша жинадық" дейді, уақытша меңгеруші "жинамадым" дейді. Сосын осы жағдайды заң аясында анықтап, қылмыстық іске жата ма, жоқ па, соны анықтап беруін сұрап прокуратураға арыз жаздым. Балабақшаға да тексеріс жүргіздім. Өйткені ондағы тәрбиешілер ақша жинаудан басқа да қиындықтар бар екенін айтты. Кейбір тәрбиешілердің еңбекақысы дұрыс төленбеген екен, т.б. балабақша ішіндегі мәселелер бар. Қазір құзырлы органдар істің ақ-қарасын анықтап жатыр, жауабын күтіп отырмыз, - дейді аудандық білім бөлімінің басшысы Меруерт Мұратқызы.

Жалпы кез келген ҚР азаматы, мекеме-ұйымдардың қызметкерлері бопсалау, ақша жинау, мәжбүрлеу фактілері бойынша 1414 нөміріне қоңырау шалып, шағымдана алады.

Следующая →