Бесқарағайдағы жатақханалар жылусыз қалмайды
Бесқарағай ауылында жас мамандарға арналған екі жатақхана бар. Екі жатақхананың тұрғындары жылу мәселелесін шешу мақсатындау аудан әкімінің көмегіне жүгінді
Екі жатақхананың ғимараты осы уақытқа дейін электрлі жылыту жүйесіне қосылған еді. Алайда электр энергиясының қымбаттауына байланысты, тұрғындарға оны төлеу қиындап кетті.
Бесқарағай ауылының Әуезов көшесінде 12 пәтерлі 2 жатақхана бар. Осы уақытқа дейін жатақхана электрлі жылыту жүйесінде болған. 2020-2021 жылдың қысында жылудың килловаты үшін олар 18 теңге төлеп отырған еді. Сонда айына 15 мың теңгенің шамасында шығатын. Биыл жылудың килловаты 35 теңгеге көтерілді. Сондықтан жатақхана тұрғындары көмірмен жылытуға ауысу шешімін қабылдады, - деп түсіндірді аудандық ТҮКШ бөлімінде.
Алайда көмірмен 12 пәтерлі жатақхананы жылыту оңай емес болып шықты. Тұрғындарға от жағушы жалдауға тура келді. Қыстың қытымыр суығында от уақтылы жағылмай қалатын жағдайлар жиі орын алып отырды. Нәтижесінде тұрғындар бұл мәселені шешу үшін аудан басшысынан көмек сұрады.
Бесқарағай ауылы тұрғындары тарапынан жиі көтерілетін мәселелердің бірі Әуезов көшесінде орналасқан 2 жатақхананың жылыту мәселесі болып табылады. Осыған орай аталған 2 жатақханаға барып, жылыту жүйелерін қарап, тұрғындармен кездестім. Жатақханаларды аралау барысында анықталған кемшіліктерге сәйкес тиісті сала басшыларына тапсырма бердім. Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер менің тікелей бақылауымда болады, - деді Бесқарағай ауданының әкімі Жарқынбек Байсабыров.
Қазіргі уақытта аудан басшысының тапсырмасымен жұмыспен қамту орталығы 2 жатақханының отын жағатын 4 адам ұсынып, олардың жұмыс істеу кестесі құрылды.