Шығыс Қазақстанда онкологияға қарсы онкүндік басталады
Обырға қарсы дүниежүзілік күрес күні аясында және елімізде онкологиялық аурулардың алдын алу бойынша кешенді жоспар аясында 1-10 ақпан аралығында Қазақстанның барлық өңірінде онкологиялық аурулардың алдын алу бойынша онкүндік өтеді
Онкүндік мақсаты - онкопатология ауыртпалығын төмендету жөніндегі жаһандық мәселеге қоғамның назарын аударту, медициналық қызметкерлердің онкологиялық ауруларды алдын алу және ерте анықтау мәселесіне қатысты білімін арттыру, халықты скринингтік тексерулерден өтіп тұру қажеттілігі жөнінде ақпараттандыру.
ШҚО Көпсалалы онкология жжәне хирургия орталығында аталмыш он күндік ақпараттандыру акциясы ретінде өтеді. Қысқаша шаралардың тізімі келесідей.
Өңірдегі онкологиялық ахуалға қатысты ең алдымен Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін Орталықта баспасөз-конференциясы ұйымдастырылады.
Орталықтың әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында онкологиялық қырағылықты қалыптастыру бағытында дәрігерлермен тікелей эфирлер ұйымдастырылады.
Осы он күн ішінде облыстың Бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз қарым-қатынас орнатып, аймақ жұртшылығына барынша пайдалы, әрі қажетті ақпаратты тарату көзделген.
Сонымен қатар, ақпанның 5-і күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін ШҚО Көпсалалы Онкология және Хирургия орталығында обырды ерте анықтауға бағытталған ашық есік күні өтеді деп жоспарланған.