Армения президентінің отставкаға кету туралы өтініші күшіне енді
Елдегі жетекші партия "Гражданский договор" республика президенті лауазымына жоғары технологиялық өндіріс министрі Ваагн Хачатурянның кандидатурасын ұсынуға мәжбүр
Армения президенті Армен Саркисянның отставкаға кету туралы өтініші күшіне енді, құжат парламентке 23 қаңтар күні жолданған.
"Парламент регламенті" туралы заңға сәйкес, президент жеті күн ішінде өз өтінішін қайтып алмаса, отставка күшіне енеді.
Армения президенті әкімшілігі өтінішті қайтып алу туралы хабарламады.
Саркисян отставкаға кететінін мәлімдегенде "ел басына қиын-қыстау күн туған уақытта ішкі және сыртқы саясатқа түбегейлі әсер етуге президенттің ешқандай қажетті құралдарға ие емес" екенін айтқан болатын.
Енді Армениядағы жетекші партия "Гражданский договор" республика президенті лауазымына жоғары технологиялық өндіріс министрі Ваагн Хачатурянның кандидатурасын ұсынуға мәжбүр, деп хабарлады жексенбі күні армениялық БАҚ.
Армения президентін парламент 7 жылға сайлайды. Республика президенттігіне вакансия ашылған соң 25 күннен кейін және 35 күннен кешіктірілмей ел президенті тағайындалуы керек.
Ваагн Хачатурян Арменияның бұрынғы президенті (1991-1998 жж) Левон Тер-Петросянның саяси серіктесі. Хачатурян 1992-1996 жылдары Ереванның мэрі болған, 1996-1998 жж — президент кеңесшісі, 2019- 2021 жж — "Армэконбанка" басқармасының мүшесі. 2021 жылдың тамызынан бері Хачатурян жоғары технологиялы өндіріс министрі болып тағайындалған.