Семей шаһарының құтқарушылары бесқабатты үйдегі өртті өшірді
410-шы орам көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтер мен балкон, пластикалық терезелер мен есіктер, сонымен қатар тұрғындардың мүлкі отқа оранды
Өрт аумағы алты шаршы метрді құрайды. Сондай-ақ өрт үшінші қабаттағы көрші пәтердің балкон жабынының пластикалық құрылымдарына да жайылды.
- Өрт сөндірушілер 10 шаршы метр аумақтағы өртті толығымен сөндірді. Өртті сөндіруге барлығы алты техника мен жеке құрамның 19 адамы жұмылдырылды, - деп хабарлайды ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Құтқарушылар өртпен күресіп жатқанда, 2-СЧС қызметкерлері ұйымдастырған уақытша эвакуациялау орнында үйдің алты тұрғыны жылынып отырды. Абырой болғанда, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
ШҚО ТЖД мамандары тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды және отпен жұмыс істеу кезінде сақ болуды ескертеді. Балконда темекі шегуге болмайды.
Тілсіз жаудан сақтану мақсатында әр үйде өрт сөндіргіш болу міндетті.
Өрт болған жағдайда 101 және 112 телефондарына хабарласыңыз.