Қазақстан Қазақстан Аян Қалымбек
Ақпарат көзі:
Интерфакс

Президент елдегі билікті түбегейлі өзгертпейтінін айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кадрлық өзгерістер жан-жақты ойластырылған және сенімді болуы керек деп санайды

Новости Казахстана / Общество в Казахстане / Глава Казахстана заявил, что не намерен полностью менять правительство
Фото:
Акорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметті толығымен өзгерту ниеті жоқ екенін, кадрлық өзгерістерді тексеріп ойластыру керек екенін мәлімдеді.

- Мен кадрларды қысқартуға қарсымын. Мамандарды біліктілігіне, жұмыс сапасына қарай бағалау керек. Сонымен, жұртшылықтың талабы бойынша билікті 100%-ға толығымен өзгертіп, «міне, мен революционермін» деу - бұл менің әдісім емес. Екінші жағынан, мансаптың аса ұзақ емес екенін мойындау керек. Білесіз бе, бұрын бір әзіл-шыны аралас күлдіргі әңгіме болушы еді ғой. Берия Сталинге келіп: «Жазушыларға бірдеңе істеу керек: Фадеев ішеді, Шолохов ішеді, Вишневский ішеді, Симонов пен Толстой да ішімдікке жақын» деген кезде, оған Сталин: «менің басқа жазушыларым жоқ» деп айтқан. Мұнда да тура сондай жағдай. Біз дұрыс министрлерді табуымыз керек, - деді Тоқаев өткен сенбіде «Хабар24» мемлекеттік телеарнасына берген сұхбатында.

Тоқаевтың айтуынша, шенеуніктерді көшеден тағайындау жағдайлары болған, бірақ бұл жағдайдың тұрақсыздануына және теңгерімсіздігіне алып келген.

- Сондықтан кадр мәселесіне өте мұқият қарау керек. Бұл оларды сары майдай сақтап отыру керек дегенді білдірмейді. Әрине, болашақта өзгерістер болады, бірақ олар тексеріліп, ойластырылатын болады, - деп сендірді президент.

Ол «Реформа адамдарды өзгерту үшін емес» деп ойлайды. Перзиденттің пікірінше, реформа – бұл ең алдымен жүйені өзгерту немесе кез келген жағдайда жүйенің өміршеңдігіне, жүйенің жұмыс істеуіне елеулі түзетулер енгізу.

Следующая →