Өзбексатанның бірнеше азаматы Шығыс Қазақстанда заңсыз жұмыс істеген
Шығыс Қазақстан облысының тәртіп сақшылары базарларды, құрылыс алаңдарын, шетел азаматтарының мекенжайлары мен тұрғылықты жерлерін тексереді
Тәртіп сақшылары ауылдағы «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы кезінде Үржар ауданының Бақты бекетінде еңбек қызметін жүзеге асыруға уәкілетті орган берген рұқсат құжатсыз «көлік жуу» мекемесінің құрылысымен айналысқан Өзбекстан Республикасының алты азаматын анықтады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Аталған құқық бұзушылық үшін шетелдіктер Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 5-ші бөлімі 517-ші бабы бойынша Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.