ШҚО тұрғыны жеке бас құжатынсыз жарты ғасырға жуық өмір сүрген
Қазіргі уақытта облыс тұрғыны жеке куәлігін алып, енді ресми түрде жұмысқа орналаса алады
Шығыс Қазақстанда жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұратын азаматтарды анықтау бойынша жұмыс жүргізілуде, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бірнеше ай бұрын Семей қаласының полиция басқармасына көмекке 49 жастағы тұрғын жүгінген, ол ешқашан Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды алмаған және тіпті туу туралы куәлігі де болмаған. Ер адам Аягөз ауданында дүниеге келген, әжесі мен атасының қолында тәрбиеленген. 8-сыныпты бітірген соң Семей қаласына келеді. 49 жастағы ер адам жеке басын куәландыратын құжаттарсыз өмір сүрген. Құжаттардың жоқтығынан ресми түрде жұмысқа орналаспаған, некеге де тұра алмаған, - деп хабарлады ШҚО ПД.
Көші-қон қызметі оған Қазақстан Республикасының азаматтығын растау және жеке куәлікті ресімдеу үшін барлық қажетті құжаттарды жинауға көмектесті, сондай-ақ туу туралы куәлікті қалпына келтіруге жәрдем көрсетті.
Қазіргі уақытта ер адам көптен күткен құжатты алды және енді ресми түрде жұмысқа тұра алады.