Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстанда қаңтар айының ҰБТ-сы басталды

ҚР Білім және ғылым министрлігі талапкерлерге қолайлы жағдай жасау үшін, сондай-ақ тестілеуді тапсыру процесінің ашықтығын күшейту үшін бірқатар жаңалықтарды енгізді

Новости Казахстана / Общество в Казахстане / Январское ЕНТ стартавало в Казахстане
Фото:
Устинка LIVE

Қазақстанда қаңтар айының ҰБТ-сы басталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Қатысу үшін 104 мыңға жуық өтініш берілді. Ұлттық бірыңғай тестілеу 2022 жылдың 22 ақпанына дейін жалғасады. Бұған дейін ҰБТ-ны өткізу 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығына жоспарланған болатын. Алайда елде төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты мерзімдер кейінге шегерілді. Қажет болған жағдайда қосымша тестілеу күндері енгізілді.

Мысалы, ерекше білім беру қажеттіліктері бар түлектерге 2022 жылы қосымша уақыт беріледі. Көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған талапкерлер негізгі 240 минуттан басқа, тестілеу тапсырмаларын орындау үшін қосымша 40 минут алады. Яғни, олар ҰБТ-ны басқаларға қарағанда 4 сағат 40 минут ішінде тапсыра алады. Сонымен қатар, ерекше талапкерлерге арналған тапсырмалардың мазмұнына да өзгерістер енгізілді. Олар үшін сызбаларсыз, диаграммаларсыз тест нұсқалары жасалды. Мұндай өзгерістер ерекше білім беру қажеттіліктері бар үміткерлерге ҰБТ тапсыруды айтарлықтай жеңілдетеді, – деп атап өтті ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Тестілеу "1 компьютер – 2 камера – 1 тестіленуші" қағидаты бойынша жүргізіледі. Болашақ студенттің жұмыс орнында негізгі камерадан басқа, дыбысты жазу және тестіленушінің қимылын жазу үшін қосымша алдынғы веб-камера орнатылады. Фронтальды веб-камера оқуға түсушінің жеке басын сәйкестендіруге және ҰБТ кезінде адамдар алмасуын болдырмауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл емтихан тапсыру барысына бақылау жүргізу және тестілеудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін қажет.

Пәндердің саны өзгеріссіз қалады - үш міндетті және екі таңдау пәні. Тест тапсырмаларының саны - 120. Оның ішінде Қазақстан тарихы бойынша – 15, математикалық сауаттылық бойынша – 15, оқу сауаттылығы бойынша – 20 және екі бейінді пән бойынша 35 тапсырма. Тестілеудің жалпы уақыты 4 сағатты (240 минут) құрайды. Ең жоғарғы ұпай саны – 140.

Тестілеуге қосу кезінде қолмен және рамалық типтегі металл детекторлар қолданылады. Бұл талапкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ ережелерді бұзбау және тыйым салынған заттарды (телефондар, шпаргалкалар және т.б.) алып өтпеу үшін қажет. Қатысушылардан тыйым салынған заттар табылған жағдайда тестілеу автоматты түрде тоқтатылады, - деп түсіндірді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде.

Тестілеу жүргізу кезінде аудиторияның (компьютерлік сыныптың) және бейнебақылау алаңына байланысты рұқсат етілген магниттік толқындар шегінде ұтқыр және радиоэлектрондық байланыс сигналдарын басатын құрылғылар пайдаланылады.

ҰБТ-2022 аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың соңына дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану және ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда, оқуға түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.

Қаңтар айындағы ҰБТ қорытындысы бойынша ақылы негізде оқуға болады. Түлектер жазғы тестілеу қорытындысы негізінде грантқа үміткер бола алады.

Айта кету керек, барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталады.

Следующая →