Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Е. Манарбеков: "Темір адам" киносы шабыттандырды"

Қазіргі таңда әлем көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп жатыр. Кеше фантас-тика болған робот, робототехника осы жаһандану дәуірінде " ақылды" құрылғылар ретінде өмірімізге дендеп ене бастады

Усть-Каменогорск и ВКО /  Е. Манарбеков: "Темір адам" киносы шабыттандырды"

Бүгінде түрлі салада адамдар осы роботтардың көмегіне жүгінеді. Сол себепті бүгінгі біз өмір сүріп отырған қоғам техниканың қыр-сырын білуді қажет етіп отыр. Өйткені XXI ғасыр - робототехниканың заманы. Ең бастысы бұл қазіргі кезде трендтегі салалардың бірі. Сондықтан қазіргі кезде ата-аналар балаларын 1-сыныптан бастап робототехника үйірмелеріне беруге асық. Нәтижесінде балалар кішкентай кезінен бастап креативті, логикасы мен жан-жақты ойлау қабілеті дами бастайды. Бұл болашақта мамандық таңдауда да өз пайдасын тигізетіні анық. Осы орайда облыс орталығынан шалғайда тұрып жатса да, үлкен қалалардағы сан өнерпазды тамсандырған, көптеген байқауларға қатысып, жүлделі орындар алып жүрген 11-сынып оқушысы Ернұр Манарбековті сөзге тарттық...


Алдымен оқырмандарға өзің жайлы ақпарат бере кетсең...

- Мен 2005 жылы Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылында қарапайым отбасында дүниеге келдім. Отбасымызда 4 ағайындымыз. Мен үйдің ортаншысымын, менің алдымда 2 үлкен ағам, менен кейін артымнан ерген кенже қарындасым бар. Әкем ауруханада жұмыс жасайды, анам - мектепте информатика пәнінің мұғалімі.


Робототехникаға қызығушылығың қалай пайда болды?

- Робототехникаға қызығушылығым анам әрі ұстазым IT сыныбына кіргізген сәтте оянған шығар. Мен бұл пәннің қиын, бірақ қызықты екенін білдім. 5-сыныпта оқып жүргенімде " Джимми Нейтрон - мальчик-гений" деген мульт-фильм болған, ол баланың үйінің қасында кішкентай зертханасы бар еді. Джимми бәрін жасайтын: ит робот, мысық робот... Мен сол зертханаға қатты қызығатынмын, бірақ бала болғаннан ба, жасалып жатқан дүниенің шынайы өмірде де болу мүмкін екеніне қатты сене бермейтінмін. Ал кейін " Темір адам" киносын көрген кезде өзім де робот жасағым келіп, робототехникаға қызығушылығым одан бетер ашылды.


Роботтың даму барысын сипаттап берші. Неден бастау керек?

- Ең бірінші зат - проблема. Біз роботты жай жасай салмаймыз. Проблемадан бастаймыз. Сол мәселеге шолу жасап, жан-жақтан ізденеміз. Сол мәселенің техникалық шешімдері бар ма? Соны зерттейміз. Ұқсас проблемалардың техникалық шешімдері болса, соны негізге ала отырып, әрі қарай дамытамыз, өз проблемамызға бейімдейміз. Ал ондай шешімдер болмаса, өзіміз симуляциялар жасаймыз.


Арнайы бағдарламалар, не болмаса құралдар қолданасың ба?

- LEGO MINDSTORMS Education EV3 бағдарламасында есептеп, роботтың қозғалыс дизайнын жасаймыз. Ең соңында сол роботтың детальдарын 3D принтермен шығарамыз, жинаймыз, тәжірибелер жасап көреміз. Робот дизайнын жасау - өте күрделі, шығармашылықты қажет ететін процесс. Кейбір детальдары сәйкес келмей қалуы немесе дұрыс жұмыс істемей қалуы мүмкін. Ондай болса, кем дегенде 3-4 рет ауыстырып, соңында дұрыс жұмыс істейтін робот жасап шығарамыз. Робот жасау үрдісі өте ұзақ.


Жасаған роботтың тиімділігін қалай тексеруге болады?

- Роботтың тиімділігі функциясына байланысты бағаланады. Біз алдымен роботқа тапсырма береміз. Біріншіден, робот ол тапсырманы орындай ала ма? Соны бағалаймыз. Орындай алса, келесі қадам - роботтың дәлдігі, тапсырманы қаншалықты дәл орындай алатыны. Қанша уақытта орындайды? Кейбір заттарды адам 10 секундта жасаса, робот оны 1 минутта жасауы мүмкін. Ондай жағдайда адам күшін қолдану тиімдірек қой. Сондықтан біз роботтың тапсырманы орындау уақытын тездетеміз. Оны тездету үшін инерцияны ескеріп, роботтың қозғалыс моторлары мен датчиктерінің мүмкіндіктерін есептеу керек. Әйтпесе робот өз қозғалысын басқара алмай қалуы мүмкін. Соңғысы - роботтың қарапайымдығы. Қарапайым робот жасау - өте күрделі процесс, одан күрделі робот жасау оңайырақ.


Болашақта мамандығыңды робототехникамен байланыстырасың ба?

- 2018 жылдан бастап ІТ-чемпионаттарға қатысып, төрт жыл облысқа жолдама алдым. Осы уақыттан бастап жан-жақтағы дарынды оқушыларды көріп, ІТ мамандарын дайындайтын оқу орнына түсіп, ауыл балаларына роботтың қыр-сырын үйреткім келеді.


Бүгінгі күнге дейін қандай жарыстарға қатыстың? Қандай жетістіктерің бар?

- SKILLS FOR GEEKS IT- чемпионатының аудандық кезеңінде 4 жыл қатарынан 1-орын алып, облыстық чемпионатқа жолдама алдым және жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде техника секциясы бойынша 3-орын алдым. Өткен оқу жылындағы қуанышты жаңалығым - команда бойынша "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын және " Нұр Отан" партиясының балаларға арналған тегін ІТ-сыныптар бастамалық жобасын жүзеге асыру аясында өткен облыстық SKILLS FOR GEEKS онлайын чемпионатының 1-орын иегері атандық. Команда біздің мектеп оқушыларынан құралған.


Сұхбат - фотоны Г. Тулеуханова ұсынды (5).jpg


Ернұрдың робототехникаға деген қызығушылығын оятқан өзінің анасы әрі ұстазы - Гүлзат Тулеуханова. Ол Ақсуат ауылындағы К. Нұрбаев атындағы орта мектепте 25 жыл " информатика" пәні мұғалімі қызметін атқарып келеді. Гүлзат ханым қабілеті мықты балалар ауылда да көп екенін айтады.


Неліктен ұлыңызды робототехникаға баулыдыңыз?

- Әуелі мені балаларымның болашағы алаңдатады. Яғни, келешекте олардың алдарынан қандай мүмкіндіктер ашылады? Олар бәсекеге қабілетті мамандар бола ала ма? Өйткені бізге техниканың заманы біртіндеп еніп жатыр. Балаларды соған дайындауымыз қажет. Ал олар мектеп кезінен бастап хобби ретінде робототехникамен айналыса бастаса, кейін технологиялардан хабары болады. Тіпті, болашақта оларға өзінің таңдаған мамандықтарына қажет болуы да мүмкін. Ал жалпы Ернұрдың робототехника сабағына қызығушылығы өте жақсы, жалпы техникаға деген қабілеті болғандықтан осы салаға баулыдым. Ұлымның болашағынан үлкен үміт күтемін. Елімізде тапшы болып тұрған мықты ІТ саласының маманы болса екен деймін.


Ұлыңыздан өзге робототехникаға баулып отырған шәкірттеріңіз бар ма?

- Мектебімізде 4-7-ші сыныптар арасында робототехника және 3D үлгілеу пәндерінен сабақ беремін. Осы пәнге қызығушылығы зор оқушылар робототехника үйірмелеріне қатысып, өз жобаларын жасайды. Бізде робототехникамен әр түрлі жастағы балалар айналысады. Жас ерекшелігі маңызды емес. Бастысы балада қызығушылық болғаны дұрыс. Әр деңгейден өткен сайын роботтарды құрастыру да қиындай түседі.

Сұхбат - фотоны Г. Тулеуханова ұсынды (3).jpg


Балаға қандай пайдасы бар?

- Бұл баланың бағдарламалау мен алгоритмдік ойлау қабілетін, техникалық қиялын дамытады. Мұнымен үздіксіз айналысу нәтижесінде балада инженерлік қабілеттер де пайда болады. Бір сөзбен айтқанда, робот жасау арқылы балалардың ойлау қабілеті дамиды, бағдарлама жасап үйренеді. Мұндағы басты мақсат - оқушыларды ғылымға баулу.


Оқушылар роботтарды қалай құрастырады?

- Оқушылар таңғажайып роботтарды дайын үлгі бойынша емес, толықтай өздері сызып, сол бойынша құрастыру жоспарын дайындайды. Оның пішінін, атқаратын қызметін өздері бекітеді. Яғни, конструктор робототехниктің бір басына бірнеше функцияларды енгізеді. Осылайша құрастырушы өз қиялын шарықтатып, ойындағы роботын жасап шығарады.


Біз қаласақ та, қаламасақ та болашақтың кілті - осы ақпараттық технологияларда. Роботтар дәуірі туғанда өзіміз жұмыссыз қалмаймыз ба?

- Қазіргі күні жоғары оқу орнын бітіргендердің арасында экономист, заңгер, қаржыгер сияқты мамандықтардың иегерлері жетіп артылады. Дипломы бола тұра жұмыс таппай сенделіп жүргендер көп. Мен біздегі оқушылардың болашақта бұл мамандықтарды таңдамайтынына жүз процент сенімдімін. Өйткені олардың техникалық бағытқа қызығушылығы жоғары. Балаға бүгіннен бастап мамандық таңдауға көмектессек, әлгіндей мәселе тумайтыны анық. Болашақта барлық өндіріс автоматтандырылады. Роботтар адамның көмекшісіне айналады. Оның алғашқы көріністерін қазірдің өзінде айналамыздан көріп жүрміз. Мәселен, биіктен фото, видео түсіруге арналған дрондар пайда болды. Олардың көмегімен енді пошта тасымалы жеңілдей түсті. Роботтарды басқаратын да адам керек қой. Біздің артықшылығымыз - адами интеллекттің болуында. Қалай десек те, " робот" робот болып қалады. Оның тізгіні - өзімізде.

Оқушыларыңыз осы күнге дейін қандай жетістіктерге жетті?

- Дайындап жүрген оқушыларым, осы күнге дейін қатысқан әрбір олимпиадалардан тек жеңіспен оралып жүр. Ол нешінші орын екені маңызды емес, бас-тысы жүлделі орындарға ілініп қайтады. Атап айтсам, команда болып, "Облыстық ІТ-чемпионатының аудандық кезеңінде" 1-орын, облыстық SKILLS FOR GEEKS онлайын чемпионатында Тарбағатай аудандық құрамасы және Бахты Назар, Мейіржан Қызырбекұлы 1-орын иегері атанды.


Әңгімелеріңізге рахмет! Арман-тілектеріңіз орындалып, еңбектеріңіз жана берсін!

Следующая →