Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Үржардағы көшені шемішке қабығымен ластап отырған кәсіпкер кім?

Үржар ауданының орталығы Үржар ауылында бір көшені шекілдеуіктің қабығына толтырып, айналаны ластап жатқан қандай кәсіпорын? Оған жауапты кім? Ал аудан әкімдігі мен тазалыққа жауапты басшылар қайда қарап отыр?

Усть-Каменогорск и ВКО / Үржардағы көшені шемішке қабығымен ластап отырған кәсіпкер кім?
Фото:
тұрғындар ұсынды

Өткен аптаның ортасында әлеуметтік желіде осы тектес мәтіндегі наразылық шағымының шеті "жылт ете қалды". Олай дейтін себебіміз - ауыл тұрғындары газет редакциясына хабарласып, телеарна тілшілерін шақырып, экологтардың назарын аударып, үлкен дабыра қылған жоқ. Десе де ауылдағы кейбір тұрғындар жергілікті әкімдік пен Nur Otan партиясы мекемесіне бас сұғып, шағымданып үлгерген.

Олардың айтуынша шемішкенің қабығын ұшырып, малға жем қылып тартатын шағын, жеке кәсіпорын көшені ластап отыр екен. Ал аудан әкімінің орынбасары мен кәсіпкердің өзі бұл жағдайдың соншалықты экологиялық мәселе емес екендігін алға тартады.

Шаттық Қалымханұлы - ҚХР-дан атажұртқа оралып, Үржар ауданына тұрақтап, шекілдеуік дәнінен қабығын ажыратып ұшыратын және жем қылып тартатын кәсібін бастаған. Бүгінгі таңда Үржар ауылының 26 тұрғынын жұмыспен қамтып отыр. Бірақ кәсіпорын жұмысына шағым түсіргендер де бар. Ауланың бір бұрышына үйілген шекілдеуіктің дәнінен ажыраған қабығы жел соққанда Морозов көшесіне ұшып, шашылып қалатын көрінеді. Оны ауық-ауық тазалап отырған күннің өзінде қақпадан да биік болып тұрған шемішке қабығы (шелуха) кейде дуалдың сыртына төгіліп қалып жатады.

Бұл өзі экологиялық нормаға жата ма? Шекілдеуіктің қалдығы бүкіл көшені былғап отыр. Жел соққан күні тозаңы мен шаңы біздің аулаға дейін кіріп кетеді. Сондықтан тезірек бір амалын табыңыздаршы, - дейді Михаил Сергеевич.


Мәселе - фотоны тұрғындар ұсынды (3).jpg


Кәсіп иесімен тілдеспес бұрын әкімдік қызметкерлерінің пікірін білуді жөн көрдік.

Шағымданушылар бұл нәрсе экология талаптарына сәйкес келе ме, жоқ па, соны сұрап отыр. Мен ол кісілерге тәуелсіз сарапшылар мен облыстық экология қызметкерлерін шақыртып тексерулеріне болатынын айттым. Егер расымен де ауаға, қоршаған ортаға зиянды деп тауып, нақты шешім шығарса, біз ол кәсіпорынды жабамыз. Ал негізінде, бұл жәй ғана шекілдеуіктің қабығы. Ешқандай артық қалдық, экологиялық қажетсіз қоқыс шығып жатқан жоқ. Оның үстіне аудан бойынша шекілдеуік тұқымын қабылдайтын, қабығынан дәнін тазалайтын, жем тартып шығаратын жалғыз орын. Халық сол қабықты тегін алып қорадағы төрт түлік малына беруде. Сол көшеде тұратын біраз кісілер наразылық білдірген соң біз барып сөйлестік. Дуалдың сыртын тазалаттық, - дейді Үржар ауданы әкімінің орынбасары Дидар Дәулетханұлы.

Оның мәлімдеуіне қарағанда күнбағыс дәнін қабығынан ажыратып, жем тарту - маусымдық, яғни уақытша жұмыс. Оның үстіне шағым көбейгендіктен, әрі бұл жер тарлық ете бастағандықтан кәсіпкер басқа жаққа көшуді жоспарлап отыр екен.

Біз бірнеше рет ескерттік. Әзірге бизнесін тоқтатар емес. Бірақ маңайын тазалап, шағымданушылар "қалдық" деген қабықты шығарып тастады. Бұл кәсіпорынның орнында бұрын нан зауыты болған. Соны жөндеп, ауыл кісілерін жұмысқа алып, осы кәсіпті бастаған. Мемлекеттің орта және шағын бизнесті қолдау мақсатында оның жұмысына кедергі келтірмеу бұйрығы болғандықтан біз жауып тастай алмаймыз, - деді Үржар ауылдық округінің әкімі Виктор Васильевич.

Кәсіпкердің өзі бұл мәселені анау айтқандай дүрліктіретін жәйт деп қарамайды.

Морозов көшесі ауылдың түкпір жағында орналасқан. Өзге ағайындар менің үстімнен арыз жазыпты. Алдында келіп 90 000 теңге айыппұл салып кетті. Экологияға зиян келтіретіндей бұл химзауыт немесе шошқа фермасы емес қой. Шекілдеуік дәнін тазалаймыз, қабығын ұшырамыз, жем қылып тартамыз. Жемді сатамын, ал қабығын жұртқа тегін таратамын. Сондықтан дүрліктіретіндей ештеңе жоқ, - дейді Шаттық Қалымханұлы.

Таяқтың екі ұшы бары белгілі. Аудан әкімдігі шағын және орта бизнеске бөгет жасап өз бетінше шешім шығара алмайды. Ал наразы тұрғындарға экологтар мен сарапшыларды шақырып, тексеруге мүмкіндік беріп отыр. Өз кезегінде кәсіпкер де бизнесін тоқтатқысы келмейді, тұрғындар да шаң-тозаңнан мезі болғанын айтады. Екі тарап бір мәмілеге келеді деп күтеміз.

Следующая →