Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шіліктідегі обалар тағы да тоналды

Шіліктінің әкімі қорғандарды өзі қорып жүр

Усть-Каменогорск и ВКО / Шіліктідегі обалар тағы да тоналды

Қабір ашу, мола қазу дегенді қазақ халқы қорқынышты құбыжықтай көруші еді. Ести-ести құлағы, көре-көре көзі үйренді. Себебі өткенімізді зерттеп-зерделеу үшін, ұрпаққа дұрыс тарих қалдыру үшін әруақтарды мазалауға тура келді. Соның арқасында қазақ археологиясы жаһанды таңқалдырған небір жаңалықтар ашты. Бұрынғы дәуірлерде кім болғанымызды дүниежүзіне паш етті, мойындатты.

Ал қазір сол қазына-байлығымыз бен жәдігер, мұрамызды тонайтын, қасиет пен киені білмейтіндер көбейді. "Қара археология" деген терминнің қолданысқа енгеніне біраз жыл болса да, соған қарсы мемлекет тарапынан әлі ешқандай іс-әрекет жасалмағанына таңқалып қана отырмыз.

Қазақ деген - қандай да бір ұлтты зар қақсатып, қан төгіп, жерін озбырлықпен иеленіп, елін езгіге салған жауыз ұлт емес. Біз тарихқа әбден есесі кеткен, жаулаушы емес, қорғанушы ұлтпыз. "Жеңілген халықтың тарихын жеңген халық жазады" дейді батыстың білгірлері. Біздің де тарихымызды түп-тұқиянына дейін өшіргісі келген, өзімізді әлемнің картасынан көшіргісі келген елдер аз болған жоқ. Ұшса қыранның қанаты, шапса тұлпардың тұяғы талатын ұлан-ғайыр кең-байтақ атыраптың түкпір-түкпіріне әуелі әскері, онан соң әмірі жеткен бабалардың ұрпағымыз. Күллі Еуразия кеңістігін, қала берді Үндістан мен Мысырға барып патшалық құрған баһадүрлердің ұрпағы екеніміздің бірден бір бұлтартпас дәлелі - қағанаттардың жұртында томпайып-томпайып қалған қорымдар мен молалар, қорғандар мен обалар.

Қаңтардың дүрбелеңі басылды-ау деген кезде шығыстың оңтүстік-шығыс қақпасынан әлеуметтік желі мен БАҚ өкілдерін "дүр еткізген" тағы бір хабар естілді: "әлемге әйгілі Шіліктідегі сақ қорғандары тоналып жатыр" екен.


"Халық қор құрып бақылауға алу керек"


Бұл туралы Зайсан ауданының тілшісі Еркебұлан Зағыпаров өзінің фейсбук әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жариялады.

Зайсан ауданы - археологиялық қазбаға бай өңір. Дүниежүзіне сенсация әкелген "Алтын киімді адам" шыққан Шілікті обаларының еш қараусыз жатқанына қанша жылдың жүзі болды. Біреу тойға айналса, біреу қойға айналады демекші, елдегі аумалы-төкпелі шақта, ұлттық құндылықтарға толы бай мұрамыз еш зерттеу көрмей тоналып жатыр. 2021 жылдың күзінде бір топ археолог пен облыс әкімі келіп 2022-де археологиялық қазба жұмыстары жүргізіледі деген обаны таяуда қарақшылар тонап, қайтадан қалай болса солай көміп кетіпті. Қорғандағы патша не патшайым жататын табыт ағашының сынықтары шашылып бетіне шығып қалған. Обаның топырағы қопарылып, қопсып жатыр. Қара күзде тағы бір оба тап осылай қазылып, тоналып кеткен еді. Бұл осымен екіншісі. Енді басқа қорғандар да алдыңғы екеуінің кебін кимес үшін тарихи жәдігерлер мен ұлттық мұраларға арнап қор құрып, халық болып өзіміз бақылауға алуымыз керек сияқты?! - деп жазды Еркебұлан Зағыпаров.

Өзекті - фотоны Шілікі а.о. әкімдігі ұсынды (6).jpg

Қорғандарды қызғыштай қорыған әкім


Жағамызды ұстатқан жағымсыз жаңалықты ести сала, Шілікті ауылының әкіміне қоңырау шалдық.

Өзекті - фотоны Шілікі а.о. әкімдігі ұсынды (4).jpg

Негізі сақ қорғандарын тонау фактілері 2016 жылдан бастап тіркеліп келе жатыр. Былтыр мамыр айында да үлкен қарақшылықтың ізін көргенбіз. Әлі күнге дейін ұрылар іздестіріліп жатыр. Ал соңғы хабарға тоқталсам, оны алғаш болып байқаған ауылдағы ақсақалдар алқасының төрағасы Әнуархан Күнкейісов. Сосын бірге барып көрдік. Бұл қаңтар қырғынының алдында болған оқиға. Сол кезде тонаушылықты тіркеп, тиісті орындарға хабарласып, мамандарды шақырғанбыз. Берел мұражайының қызметкері Алмас Сарбасовқа хат жолдадық. Бұйырса осы аптада арнайы мамандар келуі керек, - дейді Шілікті ауылдық округінің әкімі Айдын Кеңесов.

Жас басшы телефонмен тілдескенде шынайы алаңдаушылық білдірді.

"Жау жоқ деме, жар астында" деген. Қарақшылар алыстан келген жоқ. Ел арасында" қорғандарды қазып, обалардағы алтын бұйым, әшекейлерді қолды ететін көбінесе қытайдан келген қандастар немесе Ресей мен Қытайдан келген көмбе іздеушілер" деген түрлі әңгімелер айтылатынын құлағымыз шалады. Тіпті қыстауға көшетін малшылар ауыр техникаларды әкеліп елең-алаңда қорғандарды қопарып, құнды заттарды қолды қылатынын естиміз. Нақақ ешкімге жала жауып, кінә артпаймыз. Бірақ жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды ғой. Жалпы осы мәселенің анық-қанығына жететін кез келді. Арнайы комиссия құрылу керек деп ойлаймын, - дейді Шілікті ауылының әкімі.


"Тоналған оба үлкен емес"


2003 жылдан бастап Шілікті өңіріндегі обаларды зерттеу-мен белгілі тарихшы археолог Әбдеш Төлеубаев айналысып келеді. Бірақ осы уақытқа дейін ғылымға талай жаңалық әкелген археологты тонау жөнінде бізге дейін ешкім құлағдар етпепті.

Жалпы сақтар дәуірінен ең көп мағлұмат беретін, Қазақстан бойынша жәдігерлерге өте бай, ең үлкен қорғандар Шіліктіде орналасқан. Сіз жіберген суреттерге қарасам, бұл үлкен оба емес. Диаметрі 20 метр болатын, кішігірім оба. Биіктігі тіпті көрінбей тұр. Десе де тоналғаны анық. Үлкен бе, кіші ме, тарих үшін төл мұрамыздың бәрі құнды, - деп жауап қатты Әбдеш Төлеубаев.

Шіліктідегі сақ қорғандары мен обалары жөнінде бір мәлімдеме жасайды деген үмітпен Даниал Ахметовтың аузын бағатын боламыз!


Следующая →