Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесі әзірленді

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов орыс тілі мектептерінде қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімдердің білімі мен біліктілігін арттыру керектігін айтты

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесі әзірленді
Фото:
редакция мұрағатынан

Кезекті кеңейтілген аппараттық кеңес отырысында облыс әкімі Даниал Ахметов көптілді білім беруді дамытудың кешенді жоспарын жүзеге асыру мәселесін талқылады.

Біз ата-ана ретінде балаларымыздың мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгергенін қалаймыз. Кембридж университетінің әдістемесі бойынша шет тілдерін оқыту бағдарламасы өзінің тиімділігін көрсетті. Қазақ тілін оқытуды талдау кезінде әдістемеде жіберілген қателер байқалды. Осы ретте С. Аманжолов атындағы ШҚУ орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесін әзірледі. Қосымша әдістемелік материал оқытушыларға да, оқушыларға да мемлекеттік тілді үйренуге көмектеседі деп ойлаймыз. Жалпы, алдағы уақытта біліктілікті арттырудан 760-тан астам педагог өтетін болады. Қысқа мерзім ішінде біз еліміздің көптеген мектептері қызметке алатын бағдарламаны жасайтынымызға сенімдімін. Ең бастысы, біздің балалар мемлекеттік тілде жетік сөйлей бастайды, - деді облыс әкімі.

Тәуелсіздік алған жылдардан бері елімізде тілдерді дамытудың екі мемлекеттік бағдарламасы қабылданған. Ол 2001-2010 және 2011-2020 жылдарды қамтыды. Екі бағдарлама да аяқталған. Соңғы бағдарламаның алға қойған мақсаты бойынша қазақстандықтардың 95 пайызы мемлекеттік тілді игеруі тиіс. Ал шын мәнісінде қазақ тілінің бүгінгі жағдайы қандай? Орыс мектептерінің түлектері неге мемлекеттік тілді қажетті деңгейде меңгермейді? Мәселе неде? Әдістемеде ме, жоқ қажеттілікте ме? Орыс мектептерінде қазақ тілін үйрету әдісі қағаз жүзінде мемлекеттік стандартты жүйеде оқытылып жатқанымен, іс жүзінде жүзеге асып жатқанына күмән көп.

Мен орыс мектебінде қазақ тілі пәнінен сабақ беремін. Орыс мектептеріндегі қазақ тілінің жағдайы мәз емес. Оның себебі қазақ тілін үйретудің жүйелі әдістемесі жоқ. Негізі, қазақ тілі сабағы толық қазақ тілінде жүргізілуі тиіс. Алайда бір сыныпта қазақ тілін жетік білетін бала да, қазақ тілін түсінбейтін оқушы да бірге отырады. Қазақ тілін білмейтін балаға түсініксіз болып қалмас үшін сабақты орыс тілінде өткізуге мәжбүр боламыз. Оның үстіне, шәкірттерді тілді білу дәрежесіне қарай екіге бөліп оқыту әдістемелері жоқ. Еліміздегі жастар аралас немесе орыс мектебінен шыққанына қарамастан мемлекеттік тілді жетік білуі керек. Өйткені ертең ол мемлекеттік қызметке барса, мемлекеттік тілде сөйлей алуы міндеттелуі тиіс. Орыс мектептеріндегі қазақ тілін үйретуші оқулықтардың да жайы айта-айта жауыр болған мәселе. Оқулықтарды мектепте жұмыс істеп те көрмеген ғалымдар жазады. Мұндай оқулықтар оқушыларға ұғынықты бола бермейді. Әрине, он жыл бойына қазақ тілін оқыған оқушының бір ауыз қазақша білмеуі - парадокс. Сондықтан нақты іске көшетін кез жетті, - дейді №42 орыс мектебінің мұғалімі Гүлнұр Нарминова.

Следующая →