ШҚО-дағы бизнес: 414 миллиард теңге қайда жұмсалды
"Кәсіпкерлікті қолдау картасы" жобасының арқасында өңірде экономиканы әртараптандыруды іске қосып, экспортты кеңейтуге мүмкіндік туды
Қазақстанның шығысында шығарылатын өнім ассортиментін кеңейту және нарықты қайта бағдарлау, оның ішінде тауарлар экспортын кеңейту бойынша жұмыс қарқын алуда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Тек өткен жылдың өзінде "кәсіпкерлікті қолдау картасы" бағдарламасының арқасында 414 млрд теңге сомасына 11 жобаны іске асыру мүмкін болды.
"KAZ Minerals Aktogay" ЖШС Ақтоғай тау-кен байыту комбинатын кеңейту бойынша жобасын іске қосты.Инвестиция сомасы 396 миллиард теңгені құрады. Жаңа өндіріс ТКБ мыс кенін өңдеу көлемін екі есеге, жылына 25-тен 50 миллион тоннаға дейін ұлғайтуға, сондай-ақ Аягөз ауданында 700 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
АЭС үшін қуаты 200 тонна уран жылу бөлетін құрамалар шығаратын зауытты іске қосу экспорт көлемін 120,8 миллиард теңгеге ұлғайтуға мүмкіндік береді. Зауыттың барлық өнімі ҚХР-ға экспортталады.
Семейде жаңадан салынған май экстракциялық зауыты және Өскемен құс фабрикасының бройлер өндірісін жылына 55 мың тоннаға дейін кеңейту ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз етеді.
Зайсан ауданында "ARNNA MINERALS" ЖШС артезиан ауыз суын шығарады, өндіріс құны 1,7 миллиард теңге. 57 жұмыс орнын ашты. Бұдан басқа, жаңартылатын және баламалы энергия көздері саласы дамуда. Жарма ауданында қуаттылығы 30 МВт болатын 6 жел электр станциясы салынып, пайдалануға берілді.
Бірнеше жоба аяқталу сатысында, - деп хабарлады ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі. - Мысалы, "Қазмырыш" ЖШС Rail-Veyor көлік жүйесін іске қосумен долин - Обручев кенішінің өнімділігін арттыру бойынша жұмыс жүргізуде. Құны 37 миллиард теңге болатын жоба 320 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Көкпекті ауданында "Сатпаев тау-кен байыту кәсіпорны" ЖШС 5 миллиард теңгеге жуық екінші байыту фабрикасының құрылысы бойынша жобаны іске асыруда, фабриканы іске қосу 220-дан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. Өскемен май экстракциялық кешенінің майлы дақылдарын сақтауға арналған элеватор құрылысы жүргізілуде, жобаның құны - 600 млн теңге, қуаты жылына 45 мың тонна.