Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Семейліктер неге әлеуметтік төлем әлі алмады

Мемлекет Семей қаласындағы 43 отбасыға 2 миллион 200 мың теңге қарыз

Усть-Каменогорск и ВКО / Семейліктер неге әлеуметтік төлем әлі алмады

Бұл атаулы әлеуметтік төлем алатын отбасылар. Олар желтоқсан айында тиісті құжаттарды кеш тапсырғандықтан қаңтар айында алуы тиіс төлемдері кешіктірілуде.

Жалпы Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметовтің айтуынша, өткен жылы 2835 отбасы немесе 12 880 адам атаулы әлеуметтік көмек алған. Осы жылдың басында аталған тізімге тағы 300-ге жуық адам қосылып отыр. АӘК құжаттарды қабылдау 31 қаңтарға дейін жүзеге асырылады. Төлемдер 10 ақпанға дейін жүргізіледі.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша, 43 отбасы алдында мемлекеттің төлемдер бойынша қарызы бар, - дейді Бақытжан Кәкенқажыұлы. - Бұл желтоқсан айында тиісті құжаттарды кеш тапсырған отбасылар. Жалпы, арнайы комиссия берілген құжаттарды 10 күн ішінде қарайды. Аталмыш отбасылардың алдында мемлекеттің 2 миллион 200 мың теңге қарызы бар. Бірақ бұл қарыз алдағы екі апта ішінде өтеледі деп сеніммен айта аламын.

Жақын күндері осы жылдың бюджеті ашылғаннан кейін әлеуметтік төлемдер бойын-
ша кідірістер болмауы керек. Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміттеніп отырған тұрғындарға барлық заңгерлік көмек, кеңес беру, түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Ол жұмысты әкімдіктің тиісті бөлімдері атқаратын болады.

Шаһар басшысы бұрынғы АӘК алушыларға барлық құжаттарды қайта тапсырудың қажеті жоқ екенін ескертеді. Алимент бойынша табыстар мен төлемдер туралы анықтаманы жаңарту ғана талап етіледі.

АӘК мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты. Ол инфляция коэффициентіне сүйене отырып есептеледі. Бүгінде Қазақстанда ол 36 018 теңгені құрайды.

Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға мемлекеттен басқа да қолдау көрсетіледі, - дейді шаһар басшысы. - 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға әрқайсысына шамамен 9 мың теңге сомасына азық-түлік жиынтықтары мен гигиеналық құралдар ай сайын үйге жеткізіледі. Сондай-ақ, жаппай оқыту желісі бойынша оларды балабақшаларға, жазғы лагерьлерге тегін қабылдайды. Мектеп формасы, аяқ киіммен және кеңсе тауарларымен қамтамасыз етіледі. Олар үшін мектеп асханаларында тегін тамақтану, үйірмелер мен спорт секцияларына тегін бару және қоғамдық көлікте тегін жол жүру қарастырылған.

Семей қаласы бойынша атаулы әлеуметтік көмек алатын 3 686 бала бар.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Семей АӘК