ШҚО-да сатылатын қандай ойыншықтар балаларға аса қауіпті?
Шығыс Қазақстан облысында 2021 жылы сауда объектілерінде жүргізілген өнім қауіпсіздігі мониторингілерінің қорытындылары шығарылды
Өнім қауіпсіздігі мониторингі шеңберінде 2021 жылы 3900 өнім сынамасына, оның ішінде 2409 тамақ өнімдерінің сынамасына және 1491 халық тұтынатын тауарлардың сынамасына іріктеу жүргізілген.
Іріктеуге алынған өнімдердің басым бөлігі ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер елдерінде – 52,7% (2056 сынама), алыс және жақын шетел елдерінде – 26,1% (1017 сынама) және отандық өндірушілерде 21,2% (827 сынама) жасалынған.
ШҚО бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» филиалы жүргізген санитарлық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері бойынша өнімнің 914 (23,4%) үлгісі Кеден одағының (ЕАЭО) міндетті техникалық регламенттер талаптарына сай келмейтіндігі анықталды. Сәйкес емес деп танылған өнімнің басым көпшілігі 90,7% (829 сынама) – импорттық өнімдер. Қалған 9,3%-ы (85 сынама) – отандық өндіріске тиесілі.
Балалар ойыншықтарын зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша 7 сынамада таңбалаудың бұзылуы және фенол мен формальдегидтің қауіпті заттарының бір жарым-екі есе артық болуы анықталды, бұл балалардың улану қаупін тудыруы мүмкін: «Машина 95 в пакете» (Қытай); Өзбекстан шығарған «Машина гоночная BTG-029», «Baby toys garden» ЖШҚ, Ташкент қаласы, Яксарай ауданы, Кушбеги көшесі,6; «Посуда кукольная», өндіруші «Polimer Plastic» ЖШҚ, Өзбекстан, Ташкент қаласы, ул. Карасарай, 336 – 3 сынама; балалар ойыншығы-сәйкестендіру белгілері бойынша «Набор посуды», шығарған ел Өзбекстан, өндірушінің атауы, мекен-жайы көрсетілмеген. Артикул РР 2018-064, Өзбекстан өндірісі «Набор посуды» ойыншықтарына қатысты 3 сертификаттың қолданылу тоқтатылды және 3 сертификаттың қолданылу күші жойылды, - деп мәлімдеді Шығыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, жарамдылық мерзімі өткен ойыншық – Қытай шығарған «Donqshenq toys» қуыршағы сатылымда анықталды, өндіруші көрсетілмеген.
Қытай шығарған екі ойыншық, өндірушінің атауы көрсетілмеген, «Барби» қуыршағы пен қуыршақ кукла физикалық факторларға сәйкес келмейді: ойықтың өткір жиектері бар, ойын кезінде балалар жарақаттануы мүмкін, - дейді мекеме мамандары. - Жеңіл өнеркәсіптің 3 сынамасында (балалар киімі: қызға арналған көйлек (Түркия өндірген) және 2 мектеп формасы (қызға арналған Пиджак, Қырғызстан өндірген, Бішкек қ., Сеченов к-сі, 56, «Техноткань» ЖШҚ, «GLAMOUR» мектеп шалбары, Қырғызстан өндірген, өндіруші көрсетілмеген) гигроскопия бойынша сәйкес еместігі анықталды (материалдың ылғалды сіңіру қабілеті), бұл ағзаның жылу теңгерімінің бұзылуына және жайсыздыққа әкеледі, тері және суық тию ауруларының пайда болуы мұмкін.
ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ұсынған ақпаратқа сүйенсек, Түркия өндірген «Платье женское» 1 сынамасында формальдегидтің асуы, нақты мәні 77 мг/кг, рұқсат етілген нормасы 75 мг/кг екені анықталды, сондай-ақ көйлек таңбалау бойынша және органолептикалық көрсеткіштер бойынша сәйкес келмейді (бұйымның бояуы тұрақты емес).
Сондай-ақ, «Слюнявчик для кормления детей» 1 сынамасында формальдегидтің 2 есе асып кетуі де анықталды. «Бамбук термо лосины супер гигант «Margo» шұлық бұйымдарының сынамасында бояудың кір жуу мен тердің әсеріне тұрақтылығы анықталған.
Өткізушілерге, жеткізушілерге, импорттаушыларға және өндірушілерге қатысты анықталған бұзушылықтарды жою бойынша іс-шаралар жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша 259 ұйғарым берілді, 3 398 305 теңге сомасына 217,49 кг қауіпсіз емес өнім (тауар) айналымынан алынып тасталды.
Өнімнің сәйкестігін растайтын «сұр» және жалған құжаттарды (декларациялар, сертификаттар) анықтау бойынша жұмыс жүргізілді. Ойыншықтар бойынша 3 сәйкестік сертификатының қолданысы күшін жойды және тағы 3 сертификаттың қолданысы уақытша тоқтатылды.
Тұтынушыларды ақпараттандыру мақсатында ай сайын ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында ҚР аумағында өнім қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу кезінде анықталған сәйкес келмейтін өнімдердің тізілімі орналастырылады. Сондай-ақ, бұл тізім Wipon мобильді қосымшасында ұсынылған, онда өнім туралы ақпарат штрих-кодты сканерлегеннен кейін экранға шығады.
Өнімдер туралы ақпаратты алдын ала біле отырып, денсаулыққа зиянды деп танылатын өнімнен бас тартып, дұрыс таңдау жасауға мүмкіндік бар.
Дүкен сөрелерінде сәйкес келмейтін өнімдер анықталған жағдайда, сіз жазбаша түрде Шығыс Қазақстан облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне немесе оның аумақтық басқармаларына жүгіне аласыз.