Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да 459 дана пиротехникалық бұйымдар тәркіленді

Жедел алдын алу іс-шарасының 14 күнінде полиция қызметкерлері 780-нен астам рейд жүргізді

Усть-Каменогорск и ВКО / ОПМ "Пиротехника": изъято 459 штук пиротехнических изделий
Фото:
ДП ВКО

Жаңа жылдық мерекелерді өткізу кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдар айналымының және оларды қолданудың белгіленген қағидаларын сақтауын бақылау мақсатында 15 желтоқсаннан бастап ШҚО аумағында "Пиротехника" жедел-алдын алу іс-шарасы басталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ШҚО полиция департаментінің қызметкерлері мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарымен бірлесіп Азаматтық пиротехникалық бұйымдарды заңсыз әкелудің, сатудың және пайдаланудың жолын кесу, сертификатталмаған пиротехникалық өнімдерді көтерме жеткізумен айналысатын адамдарды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізеді, - деп хабарлайды ШҚО ПД. - Жаңа жылға арналған "жарылғыш" атрибуттар сатылатын базарлар, дүкендер, көтерме қоймалар тексерілуде.

"Пиротехника" жедел алдын алу іс-шарасы 14 күн ішінде полиция қызметкерлері 780-нен астам рейд жүргізді.

ҚР ӘҚБтК-ның 196-бабы 1-бөлігі (тауарларды немесе өзге де заттарды заңсыз сатқаны үшін) бойынша 17 әкімшілік хаттама толтырылды, 459 дана пиротехникалық бұйымдар тәркіленді, 495 000 теңгеден астам сомаға айыппұл өндірілді, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Пиротехникалық бұйымдардың заңсыз сатылғанына куә болған тәртіп сақшылары 102-арнаға хабарласуды ұсынады.

Айта кетейік, "Пиротехника" жедел алдын алу шарасы 2022 жылдың 12 қаңтарына дейін жалғасады.

Следующая →