Мәслихат депутаты баспана тақырыбында канвассинг кездесу өткізді
Өскемен қалалық мәслихат депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Гүлмира Сағидуллина ШҚО "Отбасы банкі" филиалының директорымен канвассинг кездесу өткізді
Назигүл Аққұловамен әңгіме халықты баспанамен қамту, зейнетақы жинақтаушы қорынан шекті қаржыны алу турасында өрбіді.
Бұл ретте, Назигүл Төлешқызы, Отбасы банктің ең алдымен әлеуметтік бағыттағы аса күрделі институт екендігін айтты. Яғни, әлеуметтік осал тұрғындарды ең алдымен баспанамен қамту бағытында айтарлықтай жұмыстар жасалған. Мысалы, тек ағымдағы жылы "Бақытты отбасы" аясында облыстың 259 толық емес, аз қамтылған және ерекше сұраныстары бар бала тәрбиелеп отырған отбасылар баспаналы болып, қоныстойларын тойлапты.
Зейнетақы қорындағы жинақ есепшотындағы қаржысын тұрғын үй жағдайын жақсартуға қатысты да тақырыбына тоқтала кетті сөз барысында ол. Облыста бұл бағытта асқан дүрбелең жоқ, кейбіреулері банк бөлімшелеріне келіп депозит пен арнайы шоттар аштырып жатыр, кейбір салымшыларымыз enpf-otbasy.kz платформасы арқылы да бұл жұмысты атқарып жатыр, - деді Назигүл Төлешқызы.
Тағы да тілге тиек болғаны - ол Отбасы банкінің алдағы жылы қазақстандықтар үшін дайындап отырған жаңа бағдарламалары туралы Назигүл Төлешқызы құлағдар етті.
- Мәселен, "Ұмай" әйелдер үшін арналған ипотекалық бағдарламасы. Кеңірек бұл турал 2022 жылдың қаңтар айында хабарланатын болады, - деді ол.
Сайып келгенде, Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасында жазылған қазақстандықтардың тұрмыстарын жақсарту бойынша бағыттағы жұмыстары кезең-кезеңмен жүзеге асуда. Оның ішінде тұрғын үймен қамтамасыз ету басым бағытта.