Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да 5 мыңнан астам адам скринингтен өткен

Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері скринингтік зерттеуден бес мыңнан астам адам өтті. Зерттеу обыр дерті, қант диабеті, глаукома және қан айналымы жүйесі ауруларын ерте кезеңде анықтау мақсатында өткізілген

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да 5 мыңнан астам адам скринингтен өткен

Аурудың алдын алудағы ең маңызды әдіс - ол скрининг, оның көмегімен ауруды анықтап, асқынып кетуіне жол бермеуге әбден болады. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» ШҚО филиалы директоры Ғалымжан Әбіловтың мәліметі бойынша, биыл жатыр мойыншығы, сүт бездері, ішек обырын анықтауда 5 600 адам тексеруден өтті.

ӘМСҚ ШҚО филиалы директоры Ғалымжан Әбілов скрининг кабинеттері барлық емханаларда бар, барлық скринингтік зерттеулер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында жасалады, - деп бөлісті мекеменің баспасөз қызметі.

Азаматтың скринигтен өтуге жас шамасы келетінін немесе келмейтінін тіркелген емханадан білуге болады.

Жыл басынан бері Қор дәл осы мақсатқа 575 млн теңге қаржы бағыттады. Скринингтен өту керек, тіпті егер денсаулығыңызға еш шағымыңыз болмаса да. Оның үстіне әркім өз денсаулығына жауапты екендігін де ұмытпау керек. Тағы бір айта кететін жайт, скринигтен өту кезінде жұмыс беруші жұмыстан үш күнге дейін босатуы тиіс, жұмысшының жалақасы сақталады, - деп бөлісті ШҚО филиалы директоры Ғалымжан Әбілов.

Егер сізде қосымша сұрақтар туындаса, сіз емхананың анықтама қызметіне немесе сізге ыңғайлы байланыс арнасы арқылы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгіне аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Скрининг ӘМСҚ