Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Жаңажылдық салтанатты шараларды өткізуге рұқсат берілді ме?

Шығыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті үлкен іс-шараларды өткізуден бас тартып, мерекені отбасымен қарсы алуды ұсынды

Усть-Каменогорск и ВКО / Жаңажылдық салтанатты шараларды өткізуге рұқсат берілді ме?

Вакцинация, ревакцинация, науқастар мен байланыста болған адамдарды оқшаулау және шектеу шараларын сақтаудың арқасында CОVІD-19 аурушаңдығының азаюы және өңірдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы байқалады. Ағымдағы жылдың 8 қарашасынан бастап коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес біздің облыс тұрақты түрде "жасыл аймақта".

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің "Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 44 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №55 қаулысына сәйкес, "Ashyq" жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілерде келушілер мен қызметкерлерде "жасыл статус" болған кезде жұмыс істеуге рұқсат берілген:

  • театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар – жасыл аймақта орналасқан өңірлерде – толтырылуы 80%, сары аймақта – 70%, қызыл аймақта – 50%-дан аспауы тиіс;

  • мәдени нысандарда !жасыл! статусы бар адамдарға репетиция өткізуге шектеусіз рұқсат берілген.

ШҚО Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 15 қарашадағы №16 қаулысы мен оған енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларымен айқындалған санитариялық қағидаларды, алгоритмдерді (талаптарды) және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтаған кезде "Ashyq" жобасына қатысатын объектілерде "жасыл" аймақта персонал мен келушілердің "жасыл статусы" болған кезде толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 100 орыннан аспайтын салтанатты іс-шаралар өткізуге рұқсат берілген.

Естеріңізге сала кетейік, биыл қараша айының ортасында Оңтүстік Африкада коронавирустың жаңа штаммы – "омикрон" анықталды. Коронавирустың жаңа штаммы көптеген елдерде алаңдаушылық тудырды. ДДҰ зерттеулері көрсеткендей, жаңа штамм қауіпті және "дельта" нұсқасына қарағанда тезірек таралады екен. 

 Әлемдегі тұрақсыз жағдайға байланысты Шығыс Қазақстан облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Жаңа жылды отбасылық ортада атап өтуді, үлкен іс-шараларды өткізуден бас тарту, коронавирусты таратпау бойынша негізгі ұсыныстарды сақтау, оның ішінде көпшілік жиналатын орындардан бас тартуды ұсынады, - деп мәлімдеді мекеменің баспасөз қызметі.

Следующая →