Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Риддерде қазақ мектебі әлі салынбайды

Өскеменнен 130 шақырым жердегі Риддер қаласында толыққанды қазақ мектебінің жоқ екенін шығыстың барлық басылымдары былтырдан бері дүркін-дүркін жазып келеді

Усть-Каменогорск и ВКО /  Риддерде қазақ мектебі әлі салынбайды
Фото:
Шаңырақ көпсалалы мектеп-гимназиясының ресми сайтынан

"Шаңырақ" көпсалалы гимназиясы біреуі 63 жыл, біреуі 85 жыл бұрын салынған екі бөлек ғимаратта отыр. Екеуінің де әбден тозығы жеткен, мұғалімдер екі ортада сабылып шаршаған, оқушылар да көшіп-қонып оқудан жалыққан. Алайда осы мәселенің тоқетерін айтып тіл қатқан басшы да, қосшы да болмады. Қазір Риддерде 600 орындық жаңа мектеп ғимаратының салынып жатқанынан жұрт хабардар. Алайда ол да қазақ мектебіне бұйырмайтын сыңайлы.

Шығыс Қазақстан облыстық Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова "Антикор" орталығында тікелей эфирде өткен баспасөз жиынында Риддер қаласындағы ХХ ғасырда салынған екі ескі ғимаратта бөлек отырған жалғыз қазақ мектебі туралы сөз қозғады.

Бүгінгі таңда 600 орындық жаңа мектеп салынып жатыр. Жоспар бойынша ол нысан 2022 жылы қолданысқа берілтінін растаймын. Бірақ "Шаңырақ" мектебіне бұл ғимарат бұйырмайды. 2025 жылға дейін 600 және 300 орындық тағы екі мектеп ғимараты салынбақ. Біз сол екі нысанның бірін "Шаңырақ" қазақ мектебіне беруді жоспарлап отырмыз, – деді Сайрангүл Жұмаділова.

Ағымдағы жылдың қараша айында шығыс аймағының басшысы Даниал Ахметов елордада орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынына қатысқан еді. Сол кезде журналистердің "Риддердегі жалғыз қазақ мектебіне жаңа ғимарат беріле ме?" деген сауалына екіұшты оймен жауап берген болатын.

Қалада 600 орындық мектеп салынып жатыр. Оны мүмкін "Шаңырақ" мектебіне береміз... Бірақ ол үшін облыстық Білім басқармасы маған ұсыныс беруі керек, – деді Даниал Кенжетайұлы.

Бірақ қала әкімінің орынбасары Мұрат Байжұменовтің атымен бізге берілген жауапта "салынып жатқан ғимарат құрылысы аралас мектеп болады" деп басталған. Айта кетейік, Риддерде 2020 жылдың басындағы ресми санақ бойынша 56 455 адам тіркелген. Ал биылғы мәліметте қала халқының азайғаны байқалады – 55 888 адам. Бірақ қазақтардың саны оңтүстік облыстардан көшіп келген отбасылардың, "Серпін" бағдарламасымен келген студент жастардың, аймақ ішінде әлеуеті төмен ауылдардан қоныс аударған шаңырақ және көрішлес мемлекеттерден атажұртқа оралып жатқан қандастардың арқасында жыл өткен сайын артып келеді.

Жұмыс күші артық өңірлерден 2015-2020 жылдар ішінде 318 отбасы, яғни 851 адам көшіп келді. Оның ішінде 2017 жылы диплом алған 20 "серпіндік" студент, 2019 жылы екі студент тұрақтап қалды. Облыс ішіндегі ауылдардан - 17 отбасы (50 адам), қандастардан екі отбасы (7 адам) келіп қоныстанды. Жұмыс күші артық өңірлерден келгендерге бір реттік төлем және 12 ай бойы тұрғын үй жалдауы үшін қаражат беріліп жатыр, – деген болатын ақпан айында Риддер әкімінің орынбасары Мұрат Байжұменов.

Не де болса, Риддердің қазақтарына балаларын заманауи, жаңа, жетілген, озық мектепте оқытуы үшін әлі 4-5 жыл шыдай тұру керек. Себебі 2022 жылы тапсырылатын нысан толыққанды орыс мектебі болуы әбден мүмкін. Егер солай болған жағдайда 2025 жылды 1936 жылы салынған Пионерлер үйінде күтуден басқа амал жоқ.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Риддер Шаңырақ