Өскемен
пасмурно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +17°
$
445.95
-0.83
482.96
-1.04
¥
61.66
-0.11
4.82
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Үржардағы мектепте шу шықты

Директор неге екпе алмаған оқушыларды жиналысқа салды?

Усть-Каменогорск и ВКО / Үржардағы мектепте  шу шықты
Фото:
редакция мұрағатынан

Үржар ауданындағы мектептердің бірінің директоры коронавирусқа қарсы екпе алмаған оқушыларды жинап алып, жауапқа тартты.

Әлеуметтік желіде Момышұлы ауылдық орта мектебінде жазылған аудио таралып кетті. Аудиожазбаның мән-жайына үңілетін болсақ, мектептің директоры балаларды мәжбүрлі түрде вакцина алуға итермелеуде.

Желіде тараған аудиожазбада Момышұлы орта мектебінің директоры Зәуре Сатыбалдинованың 11-сынып оқушыларымен сұхбаты жазылған. Жазбадан мектеп директорының оқушылармен қатаң сөйлесіп, Pfizer екпесін алмаған оқушыларға "науқастарға арналған" арнайы мектепке баруға кеңес бергені анық естіледі. "Сендер неден қорқасыңдар? Ауру болсаңдар, ауру балалар оқитын мамандандырылған мектепке бару керек... вакцинасыз сендерді ешқайда қабылдамайды... сендер үшін бүкіл мектеп зардап шегеді...", - дейді мектеп директоры. Бұл өзі айтпақша, колледж бен екі жоғары оқу орнын бітірген директордың сөзі. "Балық басынан шіриді" демекші, осындай тәрбиемен білім алған жастардың болашағынан не күтеміз?

Директордың айтуынша, аудандағы 51 мектептің 49-ында оқушылар түгелдей екпе алған. Ал Момышұлы орта мектебінің басшысы екпе алудан бас тартқан оқушылары үшін жоғарғы жақтағылардан сөз естуден жалыққан көрінеді.

Жазба ел құлағына жетіп, резонанс туған соң, мектеп басшысы оқушылардан кешірім сұраған. Мәселе мектеп қабырғасында ата-аналар, мектептің қамқоршылық кеңесінің, аудандық білім бөлімі өкілінің қатысуымен қаралып, тараптар бір-бірінен кешірім сұраған көрінеді.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда Pfizer екпесі алдымен 12 жас-тан асқан балалар, жүкті және бала емізетін әйелдерге салынатынын айтқан еді. Осы орайда бірнеше түсіндірме жұмыстарын жүргізгенбіз. Оқушылар өздері қарсы емес, бірақ ата-аналары тоқтатып отыр. Балаға сіздер ана болсаңыздар, біз мектепте екінші анасымыз. Мен балалардан және олардың ата-аналарынан кешірім сұрадым. Мен тек қана балалардың амандығын тіледім. Дұрыс түсінулеріңізді сұраймын. Кешірімді болайық, - деді мектеп директоры Зәуре Сатыбалдинова.

Мәселенің мән-жайын анықтап білу үшін жергілікті білім бөліміне хабарласқан едік. Алайда екі күн қатарынан қоңырау шалсақ та, бөлім басшысымен тілдесе алмадық. Аудандық әкімдіктегілер де сауалымызға жауап беруден бас тартты.

Дегенмен Шығыс Қазақстан облыстық Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінде осы мәселе бойынша кеңестік отырыс өтіп, директордың бұл қылығы талқыға түсті.

Негізі заң бойынша жергілікті атқарушы орган мектеп директорларын өздері жұмысқа алып, жұмыстан босата алады. Ал біздің консультативтік кеңес ол отырыста директорға сөгіс жариялауды ұсынды. Әрі қарай өздері біз ұсынған ұсынысқа сүйене отрып шешім қабылдайды, - дейді Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Зейнеп Мақсұтова.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Үржар Директор