Өскемен
пасмурно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +18°
$
442.05
+0.61
474.14
+1.05
¥
61.07
+0.11
4.74
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да ерекше балаларға арналған тағы бір инклюзивті білім беру кабинеті ашылды

Мухамет Шаяхметов атындағы №23 орта мектеп ішінен инклюзияны қолдау кабинеті ашылды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да ерекше балаларға арналған тағы бір инклюзивті білім беру кабинеті  ашылды
Фото:
автордікі

лого_каз_рус_англ_30_лет_РК_rgb-pdf.jpg

Бұл кабинет ерекше қажеттіліктері бар балалардың жалпы білім беретін мектептерге бейімделуі үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Қала әкімі Жақсылық Омардың қатысуымен Мухамет Шаяхметов атындағы №23 орта мектебінде инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. Жоба "ДАРА" қайырымдылық қорының қолдауымен жүзеге асырылды. Жобаның басты мақсаты - ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту, тәрбиелеу және дамытудың тиімді моделін құру, сондай-ақ ата-аналар мен мұғалімдерге оқыту мен тәрбиелеу әдістерін таңдауда көмектесу. Мектепте бір жарым мыңнан астам бала оқиды. Оның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін 31 бала бар. Мектеп орналасқан шағын аудан үшін бұл маңызды оқиға, өйткені ерекше балаларды әлеуметтендіру және дамыту - бұл бірінші кезектегі міндет.

Қолдау - фото автордікі (3).jpg

Ерекше қажеттіліктері бар балалар қиналмауы керек. Олар қоғамда болуы мүмкін және болуы керек, дәл сол үшін біз осындай кабинеттерді ашамыз. Жыл сайын біз түзету сыныптарының санын көбейтудеміз. Бүгін біз Тәуелсіздік күні қарсаңында осындай тағы бір кабинет ашып отырмыз, - деді қала басшысы Жақсылық Омар.

Қолдау - фото автордікі (5).jpg

Кабинетте балалар психолог, логопед және дефектологтан көмек ала алады. Инклюзивті кабинеттің жұмысы ерекше білім алу қажеттілігі бар немесе осындай қатерге жақын ерте жастағы балаларға мамандандырылған медициналық, педагогикалық және әлеуметтік көмек көрсетумен айқындалады. Ал балалармен жұмыс істейтін мамандардың басты міндеті - баланың сәтті білім алуына көмектесу, қабілеттерін аша білу, практикалық мәселелерді шешуді үйрету болып табылады.

Қолдау - фото автордікі (6).jpg

Бұл балалар шын мәнінде тәуелсіз болады, мұнда оқушылар оқытушылардың сапалы қолдауына ие болуы үшін барлығы бар. Болашақта олар үлкен өмірге жолдама алады және көмекке мұқтаж болмайды. Бұл облыстағы бесінші кабинет, біз осы бағытта одан әрі жұмыс істеуге ниеттіміз, - деп атап өтті Шығыс Қазақстан облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары Динара Шаухина.

Кабинет инклюзивті білім беру саласындағы ғылымның соңғы үрдістері бойынша әзірленіп, жабдықталғанын атап өткен жөн.

Следующая →