Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Тәуелсіздік күніне орай ШҚО-да жаңа балабақша ашылды

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Өскемен қаласының "Ertis City" тұрғын үй кешенінде "Балдәурен" бөбекжай балабақшасы ашылып, жұмысын бастамақ

Усть-Каменогорск и ВКО / Тәуелсіздік күніне орай ШҚО-да жаңа балабақша ашылды
Фото:
автордікі

лого_каз_рус_англ_30_лет_РК_rgb-pdf.jpg

Елбасы 2020 жылы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі білім беру мекемесімен қамту деңгейін 100 пайызға жеткізу қажеттігін тапсырды. Осыған орай қазір мемлекет пен жекеменшік әріптестік аясында балабақшалар көптеп ашылуда. Мәселен, Өскемен қаласында 100 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс істейді. Оның ішінде 77 балабақша және 23 шағын орталық.

Білім - фото автордікі (1).jpg

Бүгін "Ertis City" тұрғын үй кешенінде сәулетті жаңа "Балдәурен" бөбекжай балабақшасы ашылды. Мемлекеттік және жекеменшік әріптестік аясында пайдалануға берілген балабақшада 170-тен астам бала тәрбиеленетін болса, қазақ тілінде оқытатын 7 топ жұмыс істейтін болады.

Білім - фото автордікі (2).jpg

- Бүгінгі ашылып отырған балабақша жаңа талаптарға сай, мұнда балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған. Мұндағы мүмкіндіктер кішкентай балдырғандардың ақылды, алғыр болып өсуіне ықпал ететініне сенемін. Шын жүректен баршаңызды Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен құттықтаймын. Осында балалардың күміс күлкісі ғана естіліп, болашағына нұрлы баспалдақ қалана берсін, - деді қала әкімі Жақсылық Омар.

Өскемен қаласының "Ertis City" тұрғын үй кешенінде халықтың, оның ішінде мектепке дейінгі жастағы балалардың да өсуі байқалады. Осылайша, қаланың осы ауданында 170 орындық балабақша ашу қажеттілігі туындаған. Балабақша ғимараты шағын ауданның балаларын мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік білім беру тапсырысының жобасы бойынша салынған. Жаңа балабақша барлық заманауи талаптарға сай, ал жобалық қуаттылық ата-аналардың көптеген өтініштерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Фото:
автордікі
Следующая →