ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығында Италия азаматшасына ота жасалды
Ағымдағы жылы қазан айында келген әйел күтпеген жерден ауруханадан шығам деп ойламаған-ды
50 жасар Жанна Ивастова 20 жылдан астам уақыт Италия елінде өмір сүреді. Дегенмен, өз жеріне Өскемен қаласына қарт шешесі мен туған бауырының амандығын сұрап екі жылда бір келіп тұрады екен. Ағымдағы жылы қазан айында келген әйел күтпеген жерден ауруханадан шығам деп ойламаған-ды.
Бір күні жақындарымның арасында отырып, қолтығымның астынан омырау тұсымнан етімнің тығыздау болып тұрғанын байқап қалдым. Көпке созбай, ертеңгі күні бірден маммографиялық тексеруден өттім. Тексеру нәтижесі обырдың бар екенін растады. Маған қойылған диагноз "карцинома" – қатерлі ісігі. Шұғыл түрде ота жасауға ұсынды. Осы сәтте қаладағы ең мықты маманды іздей бастадым. Көптеген ақпарат құралдарынан, жақындарым мен достарымнан Облыстық онкология және хирургия орталығы туралы айтылды және сол жерде жұмыс істейтін мықты маман Инна Чертищева деп кеңес берді, - деп бөлісті Италия азаматшасы Жанна Ивастова.
Орталықтың дәрігерлері науқасқа азинвазивті әрі ағзаны сақтау хирургиялық отасын жасады.
Ота сәтті өтті. Әлбетте, әрі қарай пациентіміз өз елінде ем алу шараларын жалғастыратын болады, - деп атап өтті онколог-маммолог Инна Чертищева.
Айта кетейік, Онкология және хирургия орталығындағы бұл сынды жаңа технологиядағы оталар күнделікті іске айналған. Бұл жерде осындай жоғары технологиялы оталарды жасау үшін барлық жағдай бар. Өз кезегінде Жанна Ивастова шығысқазақстандық дәрігерлерге алғысын айтып, орталықтың жоғары деңгейдегі қызметіне, ұжымына, кәсіби біліктіліктеріне жоғары баға бергенін тілге тиек етті.
Сонымен қатар ол облысың тұрғындарына скринингтен ұдайы өтіп, өз денсаулықтарына асқан жауапкершілікпен қарауға шақырды.