Көпбалалы аналарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі қаралды
Ағымдағы жылдың 09 желтоқсаны күні Nur Otan партиясы жанындағы Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өңірлік Қоғамдық кеңестің отырысы өтті
Отырыстың күн тәртібінде Nur Otan партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының сайлауалды бағдарламасын іске асыруға арналған өңірлік Жол картасы бойынша екі сұрақ және «Бақытты» отбасы партиялық жобасын жүзеге асыру бойынша бір сұрақ қаралды.
Бірінші сұрақ - елдің қоғамдық-саяси өмірінде әйелдердің рөлін арттыру, өзін-өзі жүзеге асыру үшін тең мүмкіндіктер жасау жөніндегі шаралар туралы. (Өңірлік Жол картасының 21-тармағы).
Екінші - әйелдердің еңбек құқықтарын қамтамасыз ету, олардың экономикалық белсенділігін ынталандыру, әйелдер кәсіпкерлігін қолдау және дамыту жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы . (Өңірлік Жол картасының 24,26 тармақтары).
Үшінші - "Бақытты отбасы" партиялық жобасын іске асыру шеңберінде көпбалалы аналарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі.
Жиында көтерілген сұрақтар бойынша тиісті басқармалар ақпараттар беріп атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.