Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-ның Көкпекті ауданындағы жаңа мәдениет үйі айтыспен ашылады

Былтыр Көкпекті ауданының Үлгілімалшы ауылындағы мәдениет үйі жөндеуден өткен болатын. Алайда пандемияға байланысты оның ашылу салтанаты өтпей қалды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-ның Көкпекті ауданындағы жаңа мәдениет үйі айтыспен ашылады
Фото:
әлеуметтік желіден

лого_каз_рус_англ_30_лет_РК_rgb-pdf.jpg


Мәдениет үйіне Үлгілі-малшы ауылында туып-өсіп, мәдениет саласында 40 жылдан астам абыройлы еңбек еткен, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, "Үлгілім - жыр гүлім", "Естен кетпес тұлғалар" кітаптарының авторы Төкен-Елеусіз Асылхановтың есімі берілді.

Әкем өмір бойы Үлгілімалшы ауылында, осы мәдениет үйінде қызмет етті. Енді оның есімін жаңадан ашылатын клуб ғимаратына бергелі жатыр. Өте қуаныштымын! Анам да осы күнді асыға күткен еді... Мәдениет үйі енді талантты жастармен толығады деп сенемін. Сахнасында айтыс болып, оркестр мен ансамбльдер өнер көрсетіп, әндер шырқалып, пьесалар қойылса, фильмдер көрсетілсе екен деймін, - дейді ақынның қызы Жанар Асылханова.

Аудан әкімінің хабарлауынша, күрделі жөндеуден өткен жаңа ғимараттың салтанатты ашылуы алдағы 13-ші желтоқсан күніне жоспарланған. Желтоқсанның 13-і күні сағат таңғы 10.00-де Елеусіз Асылханов атындағы мәдениет үйінде аймақтық ақындар айтысы өтеді. Оған облыстан сегіз ақын қатысады. Айтыстың ұйымдастырушысы Үлгілімалшы ауылдық мешітінің бас имамы Әлімбек молда. Сол ауылдағы қариялардың өтінішімен, сұрауымен өткелі отырған ұлттық өнердің демеушісі - аталар мен апалар. Өздері алатын зейнетақыдан аздаған қаражаттың басын құрап, ауылдағы имам Әлімбек молдаға қолқа салып, ақындарды аттай қалап шақырып отыр.

Следующая →