Елбасы күніне арналған жиын өтті
Шығыс Қазақстан өнер музейінде ұңғыш Президент күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
Шығыс Қазақстан өнер музейі Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының №3477 әскери бөлімімен бірлесе отырып, еліміздің маңызды мемлекеттік мерекелерінің бірі Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік іс-шара өткізді.
Музей қызметкерлері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен еңбек жолы туралы бейнематериалдар дайындап, әскери қызметшілерге әдеби-музыкалық композиция мен патриоттық әндер шырқады. Темірлан Қамалбеков пен Азамат Көбешов"Алға Қазақстан" ,"Туған елім" атты әндерімен ал Расул Шахвалатов болса "Елін сүйген Елбасы"әнімен көрмендердің көңілін көншітті.
Іс-шара соңында командирдің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жамабаев Самат Мұханұлы музей қызметкерлеріне іс-шараны ұйымдастырғандары үшін алғыс білдіріп, оларға алғыс хаттар табыс етті. Мереке соңында қызметкерлер мен әскери қызметшілер "Атамекен" әнін бірге орындады.