Өскемен
ясно
-9°
  • Өскемен
    -9°
  • Алматы
    -4°
  • Астана
    +1°
  • Ақтөбе
    -10°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -5°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -2°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -7°
  • Петропавловск
    -2°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    -10°
  • Шымкент
    +3°
$
524.02
+1.39
545.19
-3.47
¥
71.82
+0.08
5.09
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Катонқарағай ауданы Коробиха ауылындағы емхананың төбесі опырылып түскен

Катонқарағай ауданының ауылдарында әкімдік ғимараты мен емханалық пунктінің кетеуі кетіп тұр. Интернет, жол, су сияқты мәселелер де шаш етектен

Усть-Каменогорск и ВКО / Катонқарағай ауданы Коробиха ауылындағы емхананың төбесі опырылып түскен
Фото:
Катонқарағай ауданы әкімдігінен

Түбі бір түркінің түңлік түріп, түтін түтеткен түп мекені, алаштың ата жұрты төр Алтай десек, осы ұлы таудың баурайындағы сақтарға салуалы орда болған, тұмса табиғаты, жотасында жортқан маралы бар Катонқарағай ауданын бір көруді армандайтындар елімізде де, шет мемлекетте де аз емес. Алайда шекаралық аудандардың бірі болып табылатын Катонқарағай ауданында қордаланған мәселелер аз емес. Интернет, жарықтандыру, жолдар, ауызсу мәселесі жылдар бойы шешілмей келе жатыр. Алайда ауданының жас әкімі қазіргі уақытта белсенді жұмыс атқарып жатқанын көріп отырмыз. Тіпті, жақында шығарылған рейтингте өзге аудан әкімдердің көшін бастап тұр.

Бұл рейтинг аудан әкімдерінің үш ай бойы жасаған жұмысының нәтижесі. Демек, Ділдар Қалиқанұлының ауыл-ауылды аралап, халықпен тығыз қарым-қатынаста жүре отыра, қордаланған мәселелерді шеше бастағаны. Жақында тағы бірнеше ауылға ат басын бұрып, ауылдықтардың проблемасымен танысты. Жедел жөндеуді қажет ететін ескірген емханалар мен ажарсыз ауыл әкімдігі, ауызсу, жол нашарлығына көз жеткізіп, ауыл әкімдеріне тапсырма беріп, сметалық-жобаларды жасап ұсынуды талап етті.

Мәселен, Коробиха ауылдық округіндегі емханалық пунктер әбден тозған.

Коробиха ауылдық округіндегі ауылдардың медициналық пунктерін көріп қайттым. Ескірген, тозған ғимараттар. Жақында бірінің төбесі опырылып түсіпті. Қазіргі таңда медпункт уақытша ауылдық клубқа орналастырылыпты, - дейді аудан әкімі Ділдар Қалиқан.

Ауылдық окургтің барлық ауылдарындағы медмекемелер барлығы 298 тұрғынға қызмет көрсетеді екен.

Коробихадағы емхана пункті қазіргі таңда әзірге қолданысқа кел-мейді. Сол себепті әзірге жаңа ғимарат тауып немесе сметалық-жобалар жасалып, жаңа ғимарат салынғанша ауылдағы мәдениет үйіне орналастырылды. Мәдениет үйі 2 жыл бұрын салынған, жаңа, жылы, үлкен, орын жетерлік. Әзірге ауыл тұрғындары сонда барып ем-домдарын қабылдап отыр, - дейді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Рауан Қамбарұлы.

Ал Ақсу ауылында ауылдық округ әкімдігі де ескірген. Ескі ғимаратқа қатысты мәселені, алдағы жоспары жайлы білейік деп ауылдық округтің жаңа сайланған әкіміне қоңырау шалып ала алмадық. Ғаламторы атымен жоқ ауылда ұялы байланыс та дұрыс тартпайтын сыңайлы.

Фото:
Катонқарғай ауданы әкімдігінен
Следующая →