Өскемен
пасмурно
-6°
  • Өскемен
    -6°
  • Алматы
    -5°
  • Астана
    -11°
  • Ақтөбе
    -11°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -3°
  • Қарағанды
    -10°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -4°
  • Туркестан
    -9°
  • Шымкент
    -4°
$
523.86
-0.16
544.34
-0.85
¥
71.77
-0.05
5.11
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендегі Пермитин көшесі "Желтоқсан" болып ауысады

Тарбағатай ауданы Ақмектеп ауылының тумасы, 1986 жылы Алматы қаласында Желтоқсан көтерілісі болып жатқан кезде Өскемендегі Ушанов алаңына өзі секілді жастарды бастап шыққан Сәбира Мұхамеджанова арада 35 жыл өткен соң ақталды

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендегі Пермитин  көшесі "Желтоқсан" болып ауысады

Былтыр, желтоқсан айының басында шығыстағы "Желтоқсан-86" ұйымының төрағасы, желтоқсан оқиғасының қатысушысы Марат Рамазанов Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Мұқашұлымен, сол кездегі облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы болған Азамат Маратұлымен жолығып, жүздескен болатын. Қала әкімі желтоқсан көтерілісінің қатысушылары қатысқан жиналыста алдағы уақытта шығыстың Сәбирасы ақталатынын, педагогикалық колледжден оған арнап кабинет ашылатынын, кітап шығарылатынын және ең үлкені бір көшеге оның есімі беріліп, Желтоқсан оқиғасына арналған монумент-ескерткіш қойылатынын айтқан болатын. Жақсылық Омар былтыр берген уәдесінде тұрды. Бұл туралы сүйінші хабарды бізге Зайсан ауданының тумасы, "Желтоқсан-86" ұйымының төрағасы Марат Рамазанов жеткізді.

Алдымызда Тәуелсіздіктің 30 жылдығы тойланатын 16-шы желтоқсан тұр. Өткен аптада қала басшысы Жақсылық Мұқашұлымен кездесіп, қаланы араладық. Облыс әкімінің бірінші орынбасары болып кеткен Азамат Маратұлының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Қаланы бірге араладық. Бізге "Желтоқсан" көшесі болып өзгеретін қазіргі Пермитин көшесін көрсетті. Сол көшенің басына Желтоқсан оқиғасына арналған ескерткіш-монументтің бой көтеретінін де айтты. Қанипа Бітібаева көшесіндегі педагогикалық колледждің сыртқы қасбетінде Сәбираға арналған тақтатас тұр. Оның орнына үлкен, жаңа тақтатас қойылады деп уәде берді. Ал оның атындағы кабинетке толықтай еурожөндеу жұмыстары жасалатын болады. 2022 жылдан бастап Сәбира Мұхамеджанова атындағы шәкіртақы тағайындалады, - деді Марат Рамазанов. 

Алайда Өскемен қаласы әкімінің кеңесшісі Әлібек Тұрсымбетовтің айтуынша, Желтоқсан атауы Пермитин көшесіне емес, Ертістің бойында жатқан (атауы жоқ) Пермитин көшесінің жанындағы ұзынырақ көшеге берілмек.

Осыдан он күн бұрын шығысқа "Қазақстан дәуірі" газетінің бас редакторы Ертай Айғалиұлы келді. Қарашаның 14-і күні Тарбағатай ауданының Ақмектеп ауылына құрметті қонақтар, желтоқсан көтерілісінің қатысушылары жиналып, Сәбираға ас беріп, қатым түсірді, қабірінің басына барып құран оқыды. Шаһар басшысының желтоқсаншыларға айтуы бойынша, биыл шығыста "желтоқсан көтерілісіне қатысты, ұлтшыл" деп айыпталған 60-тан астам адам ақталыпты.
Следующая →